"​ГЕМОРРОЙДЫҢ" шығуына СЕБЕП болатын ЖЕТІ жағдай

0
13 587

Геморрой – бұл жылдар бойы мазалайтын жағымсыз және нәзік дерт.


фото: o-krohe.ru

Геморрой – кез келген адамда кездесетін ауру. Оның пайда болуының нақты себебі жоқ. Геморрой тұқым қуалайтын дерт болып табылады. Оны халық әдісімен емдеу мүмкін емес. Тек қана дәрігердің нұсқауымен ғана дәрі-дәрмектердің көмегімен емделу керек.


Геморройдың себептері

Геморрой – бұл төменгі ішектегі қан тамырлары шиеленісуінен пайда болады. Тамырлардың жұмысы бұзылған кезде қан өзгеріп, қабыну болады. Осының салдарынан түйіндер қанға толып, ұлғаяды және геморройдың алғашқы белгілері пайда болады.

фото: medicina.com.ua

Жағымсыздық сыйлайтын дерттің пайда болуына мыналар да себеп болуы мүмкін.

Іш қату

Диеталық тамақтар, созылмалы стресс, аз қозғалыс ас қорыту жолдарын бұзып, ішектің жиырылуына әкеледі.

Үлкен дәрет уақытылы шықпаған кезде тік ішек аймағында шамадан тыс қысым жасайды. Нәжістің қатуы еркін шыға алмай, қанның ағуына ықпал етеді. Ал егер іш қату созылмалы болса және жиі бұзылса, бұл геморройдың дамуына әкелуі мүмкін.


Гиподинамия

Геморройдың дамуына бір орында отырып жұмыс істеу, жұмысқа көлікпен бару, лифтпен көтерілу, диванға жайланып отырып теледидар қару басты себеп болады. Аурудың алдын алу үшін баспалдақпен шығып-түсіңіз, саябақта көбірек серуендеңіз, таза ауада жүріңіз. Мүмкіндік болса жұмысқа, базарға жаяу барыңыз.


Диета ұстау

Сіз қандай да бір дерттің алдын алу үші, емделу үшін, артық салмақ тастау үшін диета ұстайтын облсаңыз, онда жейтін тамағыңыздың құнарына өте мұқият болыңыз. Тұтынатын тамағыңызда талшық жеткілікті болу керек. Ал тез дайындалатын тағамдар, фастфуд, дәмдеуіштер, кофе және алкогольді шектегеніңіз жөн. Бұл да геморройдың өршуіне себеп болады.


Жамбас мүшелеріндегі ауру

Әйелдер мен ерлерде бірдей кездесетін жамбас мүшелерінің қабыну аурулары да геморройға әкеледі. Тіпті, толық жыныстық қатынастың болмауы, отырықшы өмір салты болуы мүмкін.


Жүктілік және босану

Геморрой – жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі әйелдерде жиі кездесетін мәселе. Өсіп келе жатқан жатыр мен ұрық қан айналымына кедергі келтіреді, іштің ішіндегі қысымды арттырады. Бұл геморройдың дамуын тудыратыны анық.

фото: med-pluton.ru


Ауыр физикалық еңбек

Салмақ көтерумен, іш қабырғасының бұлшықеттеріндегі күшті кернеумен байланысты кез келген әрекеттер іш аймағындағы қысымның жоғарылауы аясында геморройдың дамуын тудыруы мүмкін.


Тұқым қуалаушылық

Егер туыстарыңызда геморроймен ауырған науқас болса, атадан балаға өтуі заңдылық. Бұл жағдайға тап болмау үшін сақтану ережелерін қатаң орындауы шарт.


Геморрой бар екенін қалай білеміз?

Егер ауырсыну, қан кету болса, онда міндетті түрде дәрігердің кеңесін алыңыз. Артқы тесіктің ішкі немесе сыртында түйін болуы мүмкін. Ішкі геморроймен түйіндер тік ішекте орналасады, сыртқы жағынан көрінбейді. Бұл жағдайда науқас ұзақ уақыт бойы ауру туралы білмеуі мүмкін. Ішкі геморройға ішек қозғалысы кезінде ауырсыну, қан кету немесе дәретхана қағазында қан ізі байқалады.

Ал сыртқы геморроймен түйін тікелей арты тесікте орналасады. Қолайсыздық, қышу, отырғанда ауырсыну және тік ішектен қан кету белгілері болады.


Геморройды қалай емдеуге болады?

Геморройды емдеуді тек клиникалық көріністі, геморройдың сатысын және қосымша факторларды бағалайтын маман ғана жүзеге асыруы керек. Сондықтан, осы нәзік аймақта қандай да бір күдікті белгілер пайда болса, тік ішектің ауруларын емдейтін проктологпен кеңесуді кешіктірмеңіз.

Геморройды емдеу тек хирургиялық әдістермен ғана емес, сонымен қатар препараттармен де емдеуге болады. Науқас маманға неғұрлым тезірек жүгінсе, тек дәрі-дәрмекпен тиімді емдеу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.


Геморрой – бұл жылдар бойы мазалайтын жағымсыз және нәзік мәселе. Дегенмен, дәрігерге тезірек жүгінсеңіз, емдеу оңай әрі нәтижелі болады.


Дереккөз: zdravcity.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қандай СУ ішу керек: ҚАЙНАҒАН немесе МИНЕРАЛДЫ су


ДЕПРЕССИЯҒА түссеңіз БАНАН жеңіз


Шашыңыз ТҮСУІН тоқтатпаса АРАҚПЕН жуыңыз