​ЙОДТЫҢ жетіспеушілігі МЫНА ауруларды тудырады

0
16 390

ЙОД элементінің КІМДЕРГЕ жетіспейтінін білгіңіз келсе, сілтемеге өтіңіз


​ЙОДТЫҢ жетіспеушілігі МЫНА ауруларды тудырады

фото: rumedicina.ru

Йод – адамның өсуіне, қалқанша бездің дұрыс жұмыс істеуіне, зат алмасуды жақсартуға септігін тигізетін бірден-бір элемент. Йодтың жетіспеушілігінен ең алдымен жүйке жүйесі сыр береді. Сонымен қатар, адамның бойын әлсіздік билейді. Еш себепсіз тоқырауға ұшырап, болмашыға жылағысы келіп тұрады. Депрессияға бейімділігі артады, ұмытшақтық пайда болады. Есте сақтау қабілеті төмендеп, сабақ не кітап оқуға деген құлшынысы азаяды.

Сонымен қатар ағза йод тапшылығына ұшырағанда:

  • ісік (қол, аяқ, көздің айналасы) болады. Ісікті кетіру үшін несеп жүргізетін шайдың өзі көмектесе алмайды;
  • иммундық жүйесінің жұмысы нашарлайды. Ағза вирустық ауруларға бейімделіп, жиі-жиі суықтап ауыратын болады.
  • гинекологиялық ауруларды қоздырады. Әсіресе, еттеккірдің келу уақыты бұзылады. Одан бөлек, бедеулікке алып келеді. Егер ағзаны дер кезінде қажетті элементпен толықтырмасаңыз, онда климакстың ерте басталуы ықтимал.
  • жүрек сыр береді. Жүрек соғуының ырғақсыздығы, тахикардия және қан қысымы өзгереді.

фото: 100letzhivi.ru

ЙОД элементі КІМДЕРГЕ жетіспейді?

Әрбір адамның ағзасында қажетті мөлшерде йод болу керек. Ал оның тапшылығына көбінесе:

  • Жүкті әйелдер;
  • Йодталған тұзды қолданбайтындар;
  • Вегетариандар мен диета ұстайтындар ұшырайды.


ЙОДТАПШЫЛЫҒЫ қалай БІЛІНЕДІ?


1. МОЙЫН ІСЕДІ

Мойын жуандамайды. Артқы емес, тек алдыңғы жағы ісінеді. Оның ісінуі өзіне де, сырттан қарағанда да көзге ұрып тұрады. Салдарынан қалқанша бездің жұмысы нашарлап, зоб пайда болады. Оның емі қажетті мөлшерде йод қабылдау екенін біле жүріңіз.


2. САЛМАҚ АРТАДЫ

Күтпеген жағдайда толысып кетсеңіз, бұл ағзаның йодтапшылығына ұшырағанын білдіреді. Жоғарыда айтылғандай йод қалқанша бездің жұмысына жауап береді. ал қалқанша без ішектің жұмысына әсер етеді. Егер қалқанша без дұрыс жұмыс істиемесе, онда ішіп-жеген ас-суыңыз дұрыс қорытылмай, ішектің жұмысын бұзады.


3. ШАРШАУ мен ӘЛСІЗДІК

Мамандар ұзақ зерттеуінің нәтижесінде йодтапшылығының адамды қалжыратып, әлсірететінін анықтаған. Өйткені қалқанша без адамды қуаттандыратын күшке ие. Егер йодтың жетімсіздігінен қалқанша без сыр берсе, онда адамның бойын әлсіздік, енжарлық билеп, селқостық танытады.

фото: мояоколица.рф


4. ШАШТЫҢ ТҮСУІ

Қалқанша без шаш талшықтарының өсуіне ықпал етеді. Егер оның деңгейі төмен болса, міндетіндегі қызметін дұрыс атқара алмайды. қалқанша без йод элементімен қоректенетіндіктен, оны мейлінше аталған элементпен байыту керек. Егер қалқанша без йодтапшылығына ұшыраса, онда шаштың өңі қашып, түсе бастайды.


5. ТЕРІНІҢ ҚҰРҒАУЫ

Егер сіздің теріңіз жыл он екі ай бойы құрғап, қабыршақтанатын болса, оның емі – йод екенін біліңіз. Қанша қымбат крем жақсаңыз да нәтиже бермейді. Өйткені ағза йодтапшылығына ұшыраған. Біздің теріміздің клеткаларын қалпына келтіріп, нәрлендіретін қалқанша безі. Жоғарыда айтылғандай, қалқанша бездің бірден бір емі – йод.


6. ТОҢУ

Бұл да йодтың аздығын білдіреді. Күннің сәл салқынында денесі түршігіп, оранып киінетіндерді жылы киім жылытпайды. Оның ең тиімді емі – ағзаны йод элементімен байыту екенін ескеріңіз. Егер ағзада йод жеткілікті болса, онда қалқанша без де, ішек те, асқазан мен ас қорыту жолдары да өз жұмысын керемет жүргізеді. Сондықтан да бір емес, бірнеше дерттің пайда болуына себепші болатын йод элементін қажетті мөлшерде қабылдауға кеңес береміз.


7. ТАМЫР СОҒЫСЫНЫҢ өзгеруі

Жайланып отырып, тамыр соғысын бақылап көріңізші. Бір минутта қанша рет дүрсіл қақты. Оның қалыпты соғуына йод көмектеседі. Егер сіз йодтапшылығына ұшыраған болсаңыз, онда жүрек қағысы нашарлайды. ал егер шамадан артық қабылдасаңыз, онда керісінше, жүрек дүрсілі жиі соғады. Бұл екеуі де адамға өте зиян. Жүрек дүрсілі әлсізденген кезде адам әлсірейді, шаршайды, басы айналып, естен тану қаупі де бар.


8. ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕНДЕЙДІ

Йод – оқуға, оқығаныңды есте сақтауға септігін тигізетін минералды зат. Егер ағза йодтапшылығына ұшыраса, онда мидың жұмысы баяулайды, есте сақтау қабілеті төмендейді, тіпті ұмытшақ аурына шалдықтырады.


9. ЖҮКТІЛІК кезіндегі ПРОБЛЕМА

Жүкті әйелдердің көпшілігі йодтапшылығына ұшырап жатады. Оған дұрыс тамақтанбау, токсикоз, көңіл-күйдің өзгеруі, дұрыс тынықпау себеп болады. Егер сіз қажетті мөлшерде бұл элементті қабылдамасыаңыз, құрсағыңыздағы сәби де йодтапшылығына ұшырайды. Йод элементін нәрестенің ағзасына ана сүтімен беретініңізді ұмытпаңыз. Егер өзіңізде йод жетіспесе, онда сәбиіңізге қалай беретініңізді ойлаңыз.

Йоджетіспеушілігінен жүкті әйелдерде зоб, әлсіздік, шаршау мен суықтап ауыру пайда болады. Оның алдын алу үшін құрамы йод элементіне бай тағамдарды тұтыныңыз.

Йод – болашақ сәбидің миының, көзінің, ойлау жүйесінің дамуына ең қажетті элемент.

фото: ok.ru

ЙОД элементінің қайнар көзі

Дені сау адам тәулігіне 150 мкг йод қабылдау керек. Ол үшін теңіз өнімдерін, балық, йогурт, йодталған тұз, асшаян, жұмыртқа, қара өрік секілді тағамдарды үзбей қабылдау керек. Оған қоса, сиыр және тауық еті, фасоль, сүт секілді сүт өнімдері де дастарханыңыздан үзілмесін.


Дереккөз: newera-company.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АНТИБИОТИК қабылдағаннан кейін АҒЗАНЫ қалай қалпына келтіруге болады?


БАЛ мен МАЙ балаңыздың ЖӨТЕЛІН тоқтатады


БАУЫРЫ ауыратындарға БҰЛ тағамдарды жеуге БОЛМАЙДЫ