​Түнде ТЕРЛЕУ қандай ДЕРТТІҢ белгісі?

0
26 030

Түнімен терлеп жатқанымызға аса қатты мән бермейміз. Бірақ бұл алаңдайтын мәселе екен.


​Түнде ТЕРЛЕУ қандай ДЕРТТІҢ белгісі?

фото: vseglisty.ru

Төсекте жатып терлейтіндер арамызда өте көп. Қалың көрпе жамылған соң терлеу – әрине заңдылық. Ал көрпе жамылмай жатып та терлеудің себебін білесіз бе? Мамандар кез келген дәрі ішіп жатқан адам терлейді дегенді айтады. Десе де, дәрісіз де, қалың көрпесіз де түнімен терлеп жататындар ше? Мұның себебі не? Тер қандай дерттің алдын алу керектігімізді ескертеді? Осы орайда эндокринолог дәрігерлер таңертең терлеп оянуға мына аурулар себеп болады дейді.


Гормондық өзгерістер

Әйелдер етеккір келетін уақытта себепсіз терлейді. Зерттеушілер мұндай жағдайға 80 пайыздан астам әйелдер тап келеді дейді. Әрине, бұл уақытша жағдай. Етеккір кеткен соң бәрі қалпына түсу керек. Ал егер тершеңдік ары қарай да жалғасса онда гормонға сараптама жасату керек. Олардың дұрыс бөлінуі, жақсы жұмыс істеуі денсаулығыңызға айтарлықтай ықпал етеді.


Дәрі қабылдау

Егер сіз қандайда бір дәрі қабылдап жүрсеңіз де түнімен терлейсіз. Әсіресе, жүйкені тыныштандыратын, ауруды басатын, диабетті емдейтін, қалқанша без ауруының алдын алатын дәрілерді қабылдап жүрсеңіз, бұл жағдайға тап боласыз. Негізінде дені сау адам дәрі ішкеннен терлемейді. Сондықтан да дәріні ұсынған дәрігерге жағдайды айту керек. Себебі бұл дәрі сіздің дертіңізге әсер еткенімен, денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін.

фото: womanel.com


Инфекциялық аурулар

Ағза инфекциямен күресіп жатқан кезде вирусты, бактерияны және дене қызуын шығарады. Бұл кезде ағза тер бөледі. Кейде ұшық шыққанда, туберкулезбен ауырғанда терлейді. Одан бөлек, түрлі созылмалы аурулар қозғанда, баспа ауруы басталғанда, жөтел мазалағанда терлейсіз.

Алайда сіз ешқандай да инфекциялық аурумен ауырмасаңыз да терлейтін болсаңыз, онда мына аурулардан сақтанғаныңыз жөн. Сізге онкологиялық, неврологиялық аурулар немесе инсульт қаупі төніп тұрғанынан дерек береді.


Қандағы қанттың азаюы

Медицина тілінде гипогликемия деп аталады. Ағзада қант өз мөлшерінен азайған кезде де адам терлей бастайды. Әсіресе инсулин қабылдайтындар мен диабет ауруының дәрісін үзбей ішетіндер түнімен терлеп шығады.

фото: temperaturka.com


Қалқанша без қызметінің күшеюі

Қалқанша безде гормонның деңгейі көтерілсе тершеңдік мазалайды. Бұл кезде дене қызуы көтеріліп, шілте-шілте болып терлеуіміз мүмкін.


Иммундық жүйе

Иммунитет төмендегенде де адам терлей бастайды. Егер түннің ортасында үсті-басыңыз малмандай су болып оянсаңыз, тез арада иммунитетті көтеруге әрекет етіңіз. Өзіңіз білетіндей, иммунитет әлсіреген кезде ағза ауруға қарсы күресу күшінен айырылады.


Гормондардың өзгерісі, ағзаға инфекцияның түсуі, диабет ауруының алғашқы белгілері – тер арқылы көрініс береді екен. Ендеше, терлеп тұрған соң дереу душқа жүгірмей, дәрігерге де тексеріліп қою керектігін ұмытпаңыз.

Дәрігер сіздегі жайсыздықты жан-жақты тексеріп, қажетті ем-шараларын жүргізеді. Қажетті дәрі беріп, арнайы диета ұсынады. Бұл сіздің ағзаңызды жаулайын деп жатқан түрлі дерттің дендеуіне нүкте қояды.


Материал түрлі дереккөзінен алынды.


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛГЕН кезде мына КОМПРЕСТІ жасаңыз


Бастың айналуын камфора майы тоқтатады


АЛЛЕРГИЯДАН айыққыңыз келсе ҚҰРМА жеңіз