​Үйдегі ДӘРІҚОБДИШАДА болуы керек ДӘРІ-ДӘРМЕК

0
5 048

Дәріқобдиша қай жерде тұрғаны дұрыс және қандай дәрілер болу керек?


​Үйдегі ДӘРІҚОБДИШАДА болуы керек ДӘРІ-ДӘРМЕК

фото: www.sitejabber.com

Дәріқобдиша кез келгеніміздің үйімізде болу керек. Үйіңізде науқас болмаса да, денсаулығыңызда ешқандай ақау кездеспесе де алғашқы көмек көрсететін дәрілер табылуы тиіс. Ал бар болған жағдайда көпшілігіміз оның ішіндегі дәріге назар аудармаймыз. Мүмкін арасында жарамдылық мерзімі өткен, дұрыс сақталмаған немесе қабылдауға жарамайтын дәрілер бар шығар. Егер сіздің аяқ астынан ішіңіз, тісіңіз не басыңыз ауыра қалса, оның пайдалану мерзіміне қарамай іше салуыңыз мүмкін. Өзіңіз болмаған жағдайда үйдегі жасөспірім немесе қариялар қайталауы мүмкін. Сондықтан дәріқобдишаның ішіндегі дәріге өте мұқият болу керек.


Дәріқобдиша қай жерде тұру керек?

Егер ол бос болса кез келген жерге қоюға болады. Ал іші дәріге толы болса, онда дәріні сақтаудың ережесін мұқият сақтағаныңыз жөн. Кез келген дәрі күн тимейтін, балалардың қолы жетпейтін әрі салқын жерде тұру керек. Барлық дәрінің сыртында атауы мен жарамдылық мерзімі көрсетілуі тиіс. Тіпті, түпнұсқалық қаптамасы мен нұсқаулықты да тастауға асықпаңыз.

Әр алты ай сайын қобдишаны тексеріп тұрыңыз. Егер жарамдылық мерзімі өткен, су тиген немесе аты белгісіз дәрі-дәрмек болса, қоқысқа тастаңыз. Сонымен алғашқы медициналық көмек ұсынатын қобдишада міндетті түрде қандай дәрілер болу керек? Ендеше, дәріқобдишада болуы тиіс дәрі-дәрмекті біле жүріңіз...

фото: medteam.pro

Таңу материалдары:

  • Стерильді таңғыш – таңу үшін
  • Эластикалық таңғыш – сынықтарды, көгерген жерлерді және жараларды бекітуге, сонымен қатар компресстерді қоюға арналған
  • Мақта немесе мақта жастықшалары
  • Бұрау (жгут) – қан кетуді тоқтату үшін
  • Пішіні мен қажетіне қарай әртүрлі жапсырғыш (медициналық (бекіту үшін) және бактерицидтік (теріні сырып немесе кесіп алған жағдайда) болуы тиіс.


Қанды тоқтататын, жара мен күйікті емдейтін дәрілер:

  • Пантенол – күйікті және жараны емдейді. Мазьді жағудан алдын күйген теріні салқын суға ұстайсыз. Шамамен 15 минуттан соң пантенолды жақсаңыз, оң нәтижесін береді.
  • 3 пайызды сутегі асқын тотығы – қан кетуді тоқтатады әрі жараны микробтан қорғайды, жарақатты жуады.
  • Йод пен жасыл дәрі (зеленка) – жараларды дезинфекциялау үшін таптырмайтын сұйықтық екенін біліңіз.


Суық және тұмауды емдеу үшін ішетін дәрілер:

  • Парацетамол, эффералган немесе нурофен – дене қызуын түсіреді. Егер қызу ересектерде 39,0 және балада 38,0 градустан жоғары болса, дереу аталған дәріні ішіңіз.
  • Жүрек ауруының, қан қысымының көтерілуінен немесе талма ауруының салдарынан дене қызуы 38 градусқа көтерілсе ғана қызу түсіретін дәрі ішу керек. Ал аспиринді әсіресе балалар мен асқазаны ауыратын адамдарға қолдануға болмайды.
  • Тұмау мен суықтың алғашқы белгілерінде "Терафлю», «Антигриппинді» неғұрлым тезірек қолданса, соғұрлым жақсы әсер береді.
  • "Ангри-макс", "Инфлуензастад", "Кольдрекс" дәрілерін тұмау мен суық тиюді емдеу үшін дәріқобдишаға салуға кеңес береміз.
  • Тамақ ауырғанда «Гексорал-спрей», «Стрепсилс» немес «Ингалипт» спрейін себу керек.
  • «Пектусин», «Бронхикум» және «Пектосол» дәрілері қақырықты түсіреді.
  • Тыныс алуды жеңілдету және мұрын ісінуін кетіру үшін «Нафтизин», «Галазолин», «Санорин», «Називин» секілді мұрын тамшыларын алыңыз.

фото: lifehakersha.ru


Ауырсынуды басатын дәрілер:

  • Фесталь (Мезим) – ас қорытуға көмектеседі.
  • Белсендірілген көмір – тағамнан уланған кезде керемет дәрі болады.


Гистаминге қарсы дәрілер:

  • «Кларитин», «Диазолин», «Тавегил», «Супрастин» деген дәрілерді аллергия мазалағанда ішесіз.


Оған қоса дәріқобдишаңызда міндетті түрде:

  • Дене қызуын өлшейтін термометр;
  • Қайшы, пинцет;
  • Өлшейтін стақан;
  • Жылытқыш;
  • Мүсәтір спирті болуы керек.


Міне, осы дәрі-дәрмекті дәріқобдишаңызға салып, қайсы дәріні қайсы ауруды емдеу үшін ішетінін білсеңіз, алғашқы көмекті өзіңіз-ақ көрсете аласыз. Бірақ 2-3 күнге созылған дертті үйде емдеуге тырыспаңыз. Міндетті түрде арнайы маманның кеңесін алыңыз.


Дереккөз: vk.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


РЕВМАТИЗМНІҢ алғашқы БЕС белгісі


ДЕПРЕССИЯҒА түссеңіз БАНАН жеңіз


СҮЙЕЛДІ кәдімгі ЖОЛЖЕЛКЕН кетіреді