Оқушы, сенің миың - суперкомпьютер!

0
435

​Оқушылардың зейінін шоғырландыру, сабаққа деген ынтасын арттыру және есте сақтау қабілетін күшейтетін нейробиология мен психологияға негізделген lifehack-тар


Оқушы, сенің миың - суперкомпьютер!

Оқушылардың зейінін шоғырландыру, сабаққа деген ынтасын арттыру және есте сақтау қабілетін күшейтетін нейробиология мен психологияға негізделген lifehack-тар


МИҒА АКТИВАЦИЯ

Компьютерді қоспай жұмыс істей алмайтынымыз сияқты, миды да сабаққа “қосу” керек. Яғни, ми белсенді жұмыс істеуі үшін, алдымен оны ояту қажет. Осыны биология ғылымдарының кандидаты Виктория Кравченко да айтады.

Ми тыныш ұйқы кезінде ең төмен белсенділікте болады. Ал ең жоғары белсенділік – мысалы, футбол матчында сүйікті командаң гол соққан кездегі жағдай. Бірақ осындай күйде оқу қиын.

Спорттық жарыстан кейін сыныпқа кірген оқушыларды сабырға түсіріп, жаңа сабақты бастау оңай емес, солай ма?

Америкалық ғалымдар Роберт Йеркс пен Джон Донсон мынадай тұжырым жасаған: Қарапайым тапсырмаларды орындау үшін – белсенділік жоғары болғаны жақсы. Ал жаңа, қиын тапсырмалар үшін – орташа белсенділік керек.

ФОКУС ҚОЮ

Кейде сөреден бір затты іздеп таба алмайсың, ал қасыңдағы адам бірден тауып береді. Бұл да – зейіннің жоқтығынан.

Назар аудару – бұл миымыздың бір нәрсеге толық көңіл қоюы. Басқа нәрселерді ми “өшіріп” тастайды.
Бірақ сыныпта назарды бұзатын көп нәрсе бар:

  • Біреу кілт түсіріп алды
  • Біреу телефонға қарады
  • Біреулер таныс тақырыпты сөз етті

Мұндайда ерік-жігер мен мотивация көмектеседі. Өйткені ұзақ зейін үшін баланың өзі қаласа ғана нәтиже шығады.

Миды былай демалдырып алсаңыз болады: Кітап оқып, тоқыма тоқып, тыныш іспен айналысқан кезде — ми бұрынғы ақпаратты реттейді

Назарды жаттықтыру жолдары:

  • Бос нәрсені есте сақтамай, бәрін жазып қойыңыз
  • Белсенді тыңдаңыз — сұрақ қойып, нақты детальдарды есте сақтаңыз
  • Үлкен мәтіндерді оқып, өз сөзіңізбен қысқаша жазыңыз
  • Өзімізге қызық емес затқа назар салып үйреніңіз
  • Кейде көзіңізді жауып, басқа сезім мүшелерімен ақпаратты қабылдап көріңіз

ЕСТЕ САҚТАУДЫ ЖАҚСАРТУ

Кеше радио тыңдап жүрген ән бүгін басыңнан шықпай қойды, ал маңызды анықтаманы ұмытып қалдың. Таныс па? Бұл — жадымыздың қулығы. Жады – бұл миымыздағы ақпараттарды сақтау қабілеті. Қысқа мерзімді – бүгін білдің, ертең ұмыттың. Ұзақ мерзімді болса бақылау кезінде еске түсті

Егер жиі қолданбасаңыз, мидағы ақпарат “ұмытылған папкаға” кетеді. Сондықтан қайталай беру өте маңызды. Ассоциациялар құру арқылы жаңа ақпаратты бұрынғы біліммен байланыстыру

  1. Қайталау – 20 минуттан кейін, 1 сағаттан кейін, 6 сағаттан кейін, ұйқыдан соң
  2. Интервальды оқу:
    • 20 мин. — жаңа оқу
    • 10 мин. — демалыс
    • 20 мин. — терең оқу
    • 10 мин. — демалыс
    • 20 мин. — қайталау
  3. Визуализация – суретпен, бейнемен ұсыну
  4. Блоктарға бөлу – көп мәліметті бөліп, жинақтап беру
  5. Күлкілі қысқартулар, акронимдер ойлап табу
  6. Контекст – оқыту кезінде иіс (май, шырақ) қолданса, кейін сол иіс арқылы есте қалдыру оңай болады
  7. "Непроизвольное обучение" әдісі – қабырғадағы кесте, есіктегі сөздер
  8. Алғашқы және соңғыны есте сақтау – ортасын ерекше етіп бөлектеу (мысалы, ашық түспен)
  9. Мнемоника – таныс бөлмені елестетіп, әр жеріне жаңа сөзді орналастыру
  10. Музыкалық аспаптарда ойнау
  11. Қолмен жазу
  12. Ойындар – үстелдік, карточкалық

Ең бастысы — сабаққа миың дайын ба, мотивация бар ма, көңіл күйің қандай — осының бәрі маңызды. Сабақ – тек білім емес, эмоция мен ойын арқылы да есте қалады!