"Алтын домбыра" иегері анықталды

0
92

Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер кілті табысталды.


© Photo : otyrar.kz

ERNUR.KZ. Астанада "Адамзаттың бәрін сүй!" атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған жыр додасына 14 ақын қатысты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жыр бәйгесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Жүрсін Ерман төрағалық етті.
"Бас жүлде және "Алтын домбыра" иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер кілті табысталды", - деп жазылған телеарна ақпаратында.
1-орынды Бексұлтан Орынбасар,
2-орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған,
3-орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.
Сонымен қатар ақтық сынға шыққан ақындар арнайы жүлделермен марапатталды.