«Бұл масқараға шыдай алмадым...»
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
«Жақсы келін қызыңдай, жақсы күйеу ұлыңдай» демекші, балаңның алғаны адал болса, өздерінен өсіп-өнсе одан асқан бақыт бар ма? Бірақ кейде өмір арнасын басқа жаққа бұрып, біз күтпеген оқиғалар орын алып жатады. Мәселен, Шымкенттің Зарипа есімді тұрғыны «тосын жайдың куәсі болып, тағдырымның тас-талқаны шықты» деп отыр.
«Мені осындай масқараны жайып салғаным үшін ешкім айыптамаса екен... Мұндайлар қайдан, неден шығып жатыр? Адамның санасы тозып, хайуанға айналып бара ма?! Кеудемді өртеген масқараға шыдай алмадым... Бәрін жайып салғым келді.
Күйеуім екеуміздің отасқанымызға отыз жылдан асқан. Екі ұлымыз бар. Үлкен ұлымды босанып жатқанда дәрігерлер жерге құлатып алып, миына зақым келген. Соның салдарынан ақыл-есі өз қатарластарынан кештеу дамыды. Бірақ аяқ-қолы сау, тек тұтығып сөйлейді. Сосын кейбір қылықтары баланікіне ұқсап кетеді. Мысалы, істеп жатқан жұмысын тастай салып өзінен жасы кіші балалармен ойнап кете салады. Кейде дым күлкілі емес нәрселерге ішек-сілесі қатып күле береді. Ал былайша, ешкімге зияны жоқ...
Осы баламның тағдыры мені қатты алаңдататын. Қараттым, емдеттім, бірақ нәтиже болмады. Сосын көндігуге тура келді. Ақыл-есі кем дамыған соң оқуды да жарытпады. Мектепті әупірімдеп бітірген соң өзімнің жаныма, саудаға тарттым. Екеуміз базарда көкөніс сатамыз, маған қап көтерісіп, арба сүйреп, қолғанатым болып жүр.
Тәптіштемей-ақ қояйын, тағдырдың маған арнағаны әлі алдымда екен. Теледидардан көргенім өз өмірімде қайталады деген үш ұйықтасам түсіме кірмес. Қысқасы, ұлымның екінші баласы өзінен емес, қайын атасынан болып шықты...
Оны кездейсоқ біліп қалмағанда масқара жалғаса береді екен.
...Оңбағандардың мұндай тірлігі екі жылдан бері жалғасып келіпті. Біз саудадамыз, күйеуім түнде қарауыл, күндіз үйде. "Балаңыздың бала тірлігі мені шаршатты. Төсекке де еш ебі жоқ" деп еш қымсынбай отырған келінді айтсайшы. Сондағы қорланғаным-ай...
Осылар ештеңеден кем болмасын, үй боп кетсін деп тырбаңдап жүргеніме ішім ашыды. Келінімді қойшы, күйеуімді айтсайшы, осындай оңбағанмен отыз жыл қалай өмір сүріп келгенмін? Екеуін балалармен қоса үйден қуып шықтым. Олар қазір де бірге тұрып жатыр екен дегенді есіттім...
Осылай деген ана солығын баса алмай жылап отырып перзентін әлі де бақытты етсем деген арманын да айтып берді. "Адамдықтан ажырамасыншы, адамдар!" деген ұлы тілегін де жеткізді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:
«Құдам қызыма қол жұмсады»: түркістандық әйел осылай деп мұңын шақты