​«Көліктің ішінде аймаласып жатыр»: астаналық әйел көңілдестен қалай құтылғанын айтты

0
1 974

«Үшеуміз бірдей ұрып-соғып, ауылдан қуып шықтық»


​«Көліктің ішінде аймаласып жатыр»: астаналық әйел көңілдестен қалай құтылғанын айтты
иллюстрациялық сурет ашық дереккөзден алынды


«Әйелдер қызғаншан» деп жатады ғой. Бірақ сол әйелдің қызғануына еркектер себепкер емес пе? Күйеуің тек жүрсе, ешкімге көзін сүзбесе, сөзін үзбесе, онда көрінгенге тиісетіндей жын ұрып па?» - дейді нұр-сұлтандық Гүлсім есімді әйел.


Айтуынша, алыс жақтан көшіп келген бір отбасының қызы олар тұратын ауылдың берекесін алыпты. Көрінген еркекке көзін сүзіп жүрген қыз жайлы Гүлсімнің өзі ERNUR.KZ тілшісіне айтып берді.

«Жолдасым екеуміз сегіз жыл дегенде Нұр-Сұлтанның шетінен жер алып, өзіміз армандаған үйді салып бітірдік. Ол үшін екеуміз де күн демей, түн демей жұмыс істедік. Бар тапқанымызды үйімізге әкеп үйе бердік. Нәтижесі де жаман емес, екі қабатты еңселі үй бой көтерді. Енді кез келген туысқанымызды, қонағымызды қысылмай күте алатын болдық деп қуандық екеуміз де. Балаларымыз да жалдамалы пәтерден құтылғанына қуанып, берекеміз кіріп қалды.


Жаңа үйге көшіп алған соң жан-жағымыздағы көршілерге көз сала бастадық. Қазақ емеспіз бе, алдымен көрші түгендейтін. Айналадағы көршілеріміздің көбі өзіміз қатарлы жас отбасылар екен. Тек біздің сол жағымыздағы қоңсымыз ғана таяуда шетелден көшіп келгендер екен. Жастары алпысты алқымдап қалған егде кісілер. Солардың жиырмадан енді асқан жалғыз қызы бар екен. Күйеуге тимеген, біреумен жүріп, бала туып алған деп естігем. Шешесі «қызым мықты актриса, танымал жұлдыздармен араласады» деп мақтанып қоятын. Шамасы, әлгі бала әртістердің біреуінен болды-ау. Қызды бала тапты дегені болмаса, ана болып жарытқанын көрмеппін. Шешесіне бақтырып қойып, көше кезіп жүреді. О баста сол отбасыны онша жақтырмап едім. Бірақ іштей «маған олар ештеңе істемеді ғой, менікі не тәлпіштік» деп қоятынмын. Сөйтсем жүрек құрығыр алдамапты. Әлгі отбасының қызы қазір бүкіл ауылдың соры болып отыр.


Көршінің қызының аты – Сабина. Соңғы кездері сол Сабинаның түрлі қылықтары шыға бастады. Көрші әйелдердің айтуынша, бетіне күле қараған еркектің соңынан еріп, көңілін қалдырмайтын көрінеді. Үнемі жұмыспен қарбаласып жүретіндіктен бұл сөзге аса мән бермеуші едім. Өткенде қарама-қарсы тұратын Сәкен деген көршіміздің келіншегі бала-шағасын алып төркініне қыдырып кеткен. Таңертең жұмысқа жиналып жатқанда, терезеден Сабинаның әлгі Сәкеннің үйінен шығып, өзінің үйіне асыға басып бара жатқанын байқап қалдым. Күйеуіме ештеңе демедім. Екі үй күннен соң кешқұрым сыртқа шықсам Сәкен мен Сабинаның үйге бірге құшақтасып кіріп бара жатқанын өз көзіммен көрдім.


Арада біраз уақыт өткен. Қоқыс тастауға шыға салғам, күйеуім үйге жетпей көлігін тоқтатты. Қарасам ішінен әлгі атышулы Сабина түсіп келе жатыр. Күйеуіме жақтырмай қарап едім, бүлк еткен жоқ. «Көшенің басында көріп қалып едім, әкеп тастай салдым» деп бір-ақ ауыз сөзбен тоқтатып тастады. Ақымақ басым, онда да күмәнданған жоқпын. Ештеңе демедім.


Бір күні екі қолымда ауыр сөмкем бар, артынып-тартынып автобуста келе жатсам, ауылдың кіре берісіндегі талдың арасында күйеуімнің көлігі тұр. Дереу автобусты тоқтатып, әлгі жерден түсіп қалдым. Осыдан бір сағат бұрын хабарласқанымда «Балалар қорқып қалады, мен үйге кете беремін, өзің автобуспен қайта бересің ғой» деген. Ақырын басып көліктің жанына барсам...


Барсам, ішінде күйеуім Сабина деген албастыны аймалап, сүйіп, өліп жатыр. Кеуде тұсын ашып тастап, бұзаудай емеді дейсің. Қаным басыма тепті. Ана қатынды машинадан сүйреп шығып, шашын жұлдым. Күйеуім араға түсіп, оның да бетін тырнап, шиедей қылдым. Сабина деген бәле қашып құтылды. Әйтпегенде тепкілеп, өлтіріп тастар едім.


Үйге келген соң сойқанның көкесі басталды. Күйеуімнің киімдерін сыртқа лақтырып, «көзіңді құрт» деп айқайладым. Сегіз жылда әрең жеткен үйден кім айырылсын, «кетпеймін, сенен басқа ешкім керек емес» деп аяғыма жығылды. Күнде кешірім сұрады, жалынды. Біраз уақыт бой бермей жүрдім, бірақ балалардан обал болып кетті. Үйде береке болмаса оларға да қиын екен. Ақыры кешіріп, баяғы қалыпқа түсе бастадық. Қазір күйеуім әлгі Сабинаны көрсе айналып қашады. Көршілерге ештеңе сездірмедік. Елдің өсегінен ұялдық. Сөйтсек ауылдағы біраз әйел Сабинадға өшігіп, іштен тынып жүрген екен.


Бір күні бізден екі үй ары тұратын көршілердің шапылдасқан даусы естіліп қалды. Не болды екен, тосын жағдай болды ма деп хабар алуға барсам, әйелі еңіреп жылап отыр. «Сабина деген жезөкше біздің көшеге сор болып жабысты ғой. Күйеуім ноқталанған өгіздей әлгі әйелдің шырмауынан шыға алмай қалды» деп шер тарқатты. Мен де сырымды кімге айтарымды білмей жүргем, отбасымда болған жағдайды айтып бердім. Оған қоса көрші Сәкеннің де суыт жүрісін жасырмадым. Сәкеннің әйелімен жақсы араласады екен, дереу үйіне шақырып, үшеулеп Сабинаның сазайын берудің жолын ойластырдық.


Ертеңіне кешкісін Сабина сылқым көшеде келе жатқан, алдынан шығып, Сәкеннің үйіне сүйреп кіргіздік. Сәкеннің әйелі мықты екен. Сабинаның шашын мықтап ұстап алып, өз табанын сүйгізді. Сосын әбден таяқтың астына алып, айызы қанғанша сабап алды. «Ендігәрі осы ауылдың бір еркегімен жатқаныңды, көз тіккеніңді естиін, үйіңді әке-шешеңмен қоса өртеп жіберемін. Сенің мұндай жын-ойнағыңды журналистерге айтып, бүкіл әлемге масқара етемін» деп жетеріне жеткізіп айтты. Анау бәле өзінің артық кеткенін түсінді-ау деймін, екі күннен соң баласын алып, қалаға пәтерге көшіп кетіпті деп естідік.


Осылайша ауылдағы үш әйел біраз шаңырақты ажырасудан сақтап қалдық деп ойлаймын. Әйтпегенде Сабинаға талай еркектің аузының суы құрып жүрген. Жалпы, еркекте ес жоқ қой, «итті көрсе иеді» деп бекер айтпаған. Осындай жағдай басыңызға түсе қалса бос келмеңіз, киіміңізді жинап, үйден кетуге асықпаңыз. Үйден кетсе, еркек кетсін! Ал, ең дұрысы, сабырлық танытып, ерлі-зайыптының ортасына түскен ессізді жөнге салу екен».