"Автобусқа мініп шаршама, таксимен жүр деп қалтасына артық ақша салатындар да аз"
Сурет: maternidadedesconstruida.wordpress.com
«Жібекті түте алмаған жүн етеді, келінді күте алмаған күң етеді» деген сөздің дұрыстығына дәлел болатын айналамызда қаншама әйел бар. Өкінішке орай, әйелдің мойнына артылған міндеттің санын есептеп, салмағын өлшеу күйеудің, ата мен ененің есіне келе бермейді екен" - дейді алматылық студент Айдина.
Осы әділетсіздікті тұрмысқа шықпай тұрып түсінуіне себепкер болған жағдайды және ұстазының айтқан ақылын ERNUR.KZ тілшісіне баяндап берді.
"Автобуста тұрмын. Ұстазыммен әңгіме айтып, сабақтан қайтып жатырмыз. Төле би көшесінің бойы сірескен көлік, кептеліс. Бір кезде 2 баласымен келіншек мінді. Үлкені шамамен 2-3 жаста, қолынан жетектеп алған. Кішісі жасына толмаған-ау, кішігірім қоларбада.
Автобуста орын жоқ, тұра қоятын жастар да көрінбейді. Келіншек әрең дегенде коляскасына орын тауып, үлкенінің қолынан ұстап тұра қалды.
Кішісі қайта-қайта жылайды. Оны біресе қолына көтеріп, қайта коляскаға салып, аузына емізік салып тынышталдырып әлек. Үлкені де қыңқылдап қояды арасында. Өзі ауырып тұр, күрк-күрк жөтеледі. Оған да бөлек көңіл бөлу керек, емдеу керек. Көріп отырып қараптан-қарап қиналып кетеді екенсің.
Сонда менің апайымның сыбырлап айтқаны: «Тума демеймін, тусын. Бірақ сәл өзіңе де қарап, әбіржімей, араға уақыт салу керек қой. Әр балаға ең болмаса 4-5 жасқа дейін көбірек көңіл бөлу керек. Үлкені ауырып тұр. Ауырған балаға азаннан кешке дейінгі дәрісін уақытылы берудің өзі қиямет-қайым жұмыс, ми ашу. Оған аналық махаббат, жылу беруің бір бөлек. Кішісіне де қарауы керек, ол да жылап тұр. Бір өзі қайсысына жетеді? Ал еркекке бәрібір, туғызды, болды. Қазір қайда жүр – кім білсін? Ең жақсы дегенінің өзі «Жұмыстамын, ақша тауып жүрмін» деген сылтаумен құтылады.
Екі баламен әбіржисің, мен де барайын, көмектесемін демейді. Автобусқа мініп шаршама, таксимен жүр деп қалтасына артық ақша салатындар да аз. Бар салмақ байғұс әйелдің өзінде...»
Бұл жағдайда апайым ол әйелді жамандап отқан жоқ. Тек өмірлік мысалмен маған ақыл айтқаны ғой. Есімде...