Бұларды КҮНДЕ істеңіз! Нәтиже бір аптада!

0
4 798

​Ешқандай ақша да, уақыт та кетпейді. Бірақ өміріңізді аз уақытта жақсартады.


Бұларды КҮНДЕ істеңіз! Нәтиже бір аптада!

Фото: sanatlibiblog.com

Сіз күнде қай істі қайталап жүрсіз? Үй жинау, ыдыс жуу, тамақ пісіруді сұрап жатқан жоқпыз. Бұл отбасыңыз үшін ғой, ал өзіңіз үшін ше?

Осы сұрақты қоя қалсақ, «Не істеуіім керек?» деп сұраққа сұрақ қайтаратындар көп. Иә, шынында да кейбір адамдар өзгелерге не істеу керек екенін білгенімен, өзіне нендей жақсылық жасау қажеттігін білмейді.

Ал психологтар әр адам күнде мынандай істерді қайталап, күн тәртібіне енгізуі тиіс дейді. Сонда сарқылған күш-қуат жылдам қалпына келіп, өмір сүруге құлшыныс жоғалмайды екен.



1. Өзін-өзі мақтау

Жұмыста, қызметте әр тоқсан сайын, кей мекемелерде жылына бір рет үздік мамандарға алғыс хат береді. Бұл адамды ынталандырады. Одан да жақсы нәтижеге жету үшін талпындырады. Ал үйде, жеке өмірде ше? Мақтайтындар, алғыс айтатындар кемде-кем.

Әсіресе, үйдің таусылмайтын тірлігімен күні бойы тынбайтын әйелдің еңбегі бағалана бермейді. Тіпті «Үйде отырсың ғой, неге шаршайсың?» дейтіндер бар. Жігерлендіретін, қуаттайтын адам жоқ па? Мұңаймаңыз, өзіңіз барсыз ғой.

Әр күні әр жұмысты аяқтағанда «Мен молодецпін», «Менің қолдарым гүл ғой», «Мен мықтымын» деп, өзіңізді өзіңіз мақтаңыз.

Шаршап отырсаңыз да амалсыздан барып шашыңызды жудыңыз ба, айнаға қарап «Рахмет саған. Сені жақсы көрем. Жарайсың!» деп, өзіңізге алғыс айтыңыз.



2. Өзіңізге комплимент айту

Адам жанын зерттеуші мамандар жылы сөз бен көңіл көтеретін комплимент те дерттің тез емделуіне жәрдемдеседі дейді.

Тән ауруынан бөлек, жан дерттері де бар. Жылы сөз – дәрімен тең екенін бәріміз білеміз. Бірақ сонда сүйген жарға, ата-ана мен балаларға комплимент айтуда сараңбыз.

Мейлі, ешкімнен жылы сөз күтпей-ақ қойыңыз. Сізде «сіз» барсыз, сондықтан өзіңізден комплиментіңізді аямаңыз. Комплимент, жылы сөз ақша емес таусылып қалатын, айта беріңіз. Шаш қидырсаңыз да, көйлегіңізді ауыстырсаңыз да, моншадан шыққаннан кейін, тіпті тіс жуып тұрып та айнаға қарап «Түу, неткен сұлумын», «Әдемі боп кетіппін ғой», «Күннен-күнге сұлуланып бара жатырмын», «Мен өзімді жақсы көрем» деуді әдетке айналдырыңыз.



3. Ұйқыдан тұрғанда күлу

Психологтар адамның күні таңертең ұйқыдан қандай көңіл күймен тұрғанына байланысты өрбиді дейді. Күнде ұйқыдан тұрғанда 3-5 минут төсекте жатып күлуді, күлімсіреуді дағыдыға айналдырыңыз.

Балаңыздың күлкісін, бал қылығын еске алыңыз. Үйлену тойында ақ көйлек киіп бақытты боп жүрген күнді ойлаңыз. Немесе алғаш ана атанған күнді көз алдыңызға әкеліңіз. Әйтеуір күлімдеуге себеп тауып, өзіңізді қинап болса да езу тартуға тырысыңыз. Бұл күні бойы зарядталып жүруге, жұмысты жапырып істеуге, денсаулыққа да пайдасы зор.



4. Тамақтанғанда...

Күніне 3-4 рет, кейде 5-6 рет тамақтанамыз, шай ішеміз. Бұл адамның әр күні өзіне, денсаулығына жасайтын бірден-бір жақсылығы, қамқорлығы. Алайда отбасының бүкіл мәселесін, әлдебіреулердің өмірін, елдегі төтенше жағдайларды, жақын-туысқа реніш-өкпені дастарханда отырып айтатын жаман әдет көп адамда бар. Тіпті балаларды да тамақтанып отырғанда ұрсатын, тапсырма беретін ата-аналар жоқ емес. Егер сізде де осындай әдет болса, тастаңыз.

«Дұрыс тамақтан, ауырып қаласың», «Тамағыңды іштің бе, әлсірейсің ғой», «Дәл қазір саған құнарлы тамақтану керек» деп айтасыз-ау. Бірақ өзгеге де, өзіңізге де тыныштықпен тамақтанып, екі-үш сағат уақыт жұмсап пісірілген астың дәмінен ләззат алуға мұрша бермейсіз. Осы бір жаман әдетті доғарыңызшы.

Тамақтануға көп болса 20-30 минут уақыт бөлесіз. Сол уақытта жаман ешнәрсе ойламауға тырысыңыз. Мәселелерді, өкпе-ренішті, ұялы телефонды да шетке ысыра тұрыңыз.



5. Медитация

Ұйықтау бөлек, оңашада бір сәт тыныштықтықты сақтап отыру басқа. Бұны ғылыми тілде медитация деп атайды. Бұл өте маңызды ритуал.

Күніне 15-20 минут уақыт әр адам өз ойларымен оңаша қалу керек екен. Әрине жақсы ойлармен қалыңыз.

Көзіңізді жұмып, теңізді, тауларды елестетіңіз. Бұлақтың сылдырап аққанын, құстардың сайрағанын ойша тыңдай біліңіз. Бұл жаныңызды тыныштандырып, көптеген аурудың алдын алады. Депрессиядан, қажудан, ашудан қорғайды. Бақытты, өмірдің мәнін арттырады.



6. Таңертең және кешке...

Таңертең жұмысқа кетерде (немесе шығарып саларда) отбасындағы адамдарды құшақтаңыз. Кешке жұмыстан келгенде тағы да құшақтаңыз. Бұл жалғыз емес екеніңізді, қорғаныңыз, сенетін адамдарыңыз бар екенін білдіреді. Байқамайтын шығарсыз, бірақ құшақтау сеніміңізді арттырып, қорқыныштарды алыстатады. Сондай-ақ бақытыңызды еселей түседі.


Өмір қас-қағым сәт. Мұңайып, қайғырып жүрсеңіз де, күлімдесеңіз де өмір өтеді, күнтізбедегі күндер жылжи береді. Ал қарапайым бұл әдеттер уақыт алға озған сайын денсаулығыңызды нығайтып, өмір жасыңызды ұзартады. Үзбей күнде орындаңызшы, нәтижесін бір аптада-ақ көресіз.

Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ



Тағы да оқыңыз:


СТУДЕНТ ҚЫЗДАРҒА әпкелерінен 8 КЕҢЕС


Біреу туралы пікір айтуға АСЫҚПАҢЫЗ!