Осы қарапайым әдісті бір рет орындаңыз.
Індет кезінде ауырмаған адам қалмаған шығар?! Кез келген танысыңызға қоңырау шалыңызшы, «Ауырып тұрдым, аунап тұрдым» дейтіні анық. Ауырып, өмір мен өлім арасында жатқанда жақын адамдарыңыздан артық ешкімнің жоқ екенін ұққан боларсыз.
Отбасы, ата-ана, бауырлар – үлкен бақыт. Психологтар тек бақыт пен қуаныш ғана емес, қиындық пен сынақ та осы ең жақын адамдар арқылы келетінін айтады.
Қуаныш пен уайым-қайғы Күн мен Түн секілді, біреуі келсе, екіншісі автоматты түрде кетеді екен. Бұл бұлжымас өмір заңдылығы. Олай болса, сізді уайымға салып жүрген қиындықтарды қуудың формуласы да ап-айқын емес пе?
Аксиома: Қиындықтарды тудырушы – реніш, кек, ыза, өкпелеу. Осыларды жоймайынша қуаныш, бақытқа орын жоқ.
Мысал: Кесе ашыған тамаққа толы делік. Оған таза су немесе сүт құю үшін алдымен кесені босатып тазарту қажет. Ал көңіл кесесін кешірім ғана тазартып, босата алады.
Кешіру арқылы тіпті аурудан да сауыға аласыз, кешіру тән мен жанның дәрісі дейді психологтар. Олай болса, сізді ренжіткендердің барлығын кешіріңіз.
Есте ұстаңыз: бақытты болудың, тән мен жан ауруларының ең ұлы, ең тиімді әдісі мен дәрісі – кешіру.
Кімге ренжіп жүрсіз?
Егер бақытты сәттерге шын қуана алмасаңыз, онда сіз кешіре алмайтын, кешіре алмаған бір адамның болғаны. Мейлі ол өмірде бар болсын, әлдеқашан қайтпас сапарға аттанып кетсе де кешіруіңіз керек. Ал егер кешіре алмасаңыз, онда жағымсыз эмоциялардың шұңқырынан ешқашан шыға алмайсыз.
Кімге әлі ренжіп жүрсіз? Кімді кешіре алмайсыз? Ойланып көріңіз. Табыңыз және кешіріңіз. Мұндайда тіпті ешкімге ренішім жоқ деп сенімді болуыңыз да мүмкін. Мүмкін қандай да бір болған оқиғаны, жағдайды кешіре алмай жүрген боларсыз? Анықтау үшін жүректі тыңдап, санаңызды аралап шығуыңыз керек. Яғни ішкі жан-дүниеңізге терең бойлауыңыз қажет. Ол үшін мына жаттығуды жасаңыз.
КЕШІРУ ТЕХНИКАСЫ
Көзіңізді жұмып, таудың басынан төмен қарай қалың ағаш арасымен жүріп келе жатқаныңызды елестетіңіз. Айналаңызға ойша көз жүгіртіңіз. Табиғат қандай әсем, тамаша. Сарқырама қасына, я болмаса сылдырап аққан бұлақ басына немесе өзен бойына жайғасып отырыңыз.
Өзіңізге ұнаған жерге отырған соң, терең-терең тыныс алыңыз. Табиғаттың таза саф ауасын тәніңізбен сезініңіз.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Маған кімді кешіру қиын? Мен қай жағдайды кешіруім керек?» деп. Осы екі сұрақты жеке-жеке қойсаңыз да болады. Сұрақтан соң ағзаңызды тыңдаңыз, байқап көріңіз. Қай жеріңіз ауырды? Сол тұсқа барлық ойыңызды шоғырландырып, зерделеңіз.
Ауырған мүшеңізді жан-жағынан қараңыз. Бұл ауырлықтың авторы кім екенін таба алмасаңыз, ауырған ағзаңызды реніштерден босататыныңызды айтыңыз. Сонымен бірге «Мені ренжіткен, жаныма, тәніме ауырлық салған барлық адамдарды, жағдайларды кешіремін» деп үш рет дауыстап айтыңыз. Әлгі ауыртып белгі берген ағзаңыздағы реніштерді ойша алып, ағып жатқан суға ағызып жіберіңіз.
Реніштердің сумен ағып, сізден алыстап кеткенін елестетіңіз. Ойша қолдарыңызды, бетіңізді өзен суына жуыңыз. Бойыңызда жеңілдікті сезініңіз.
Кешіру техникасы санаңызды барлық реніштерден тазартады. Бұл медитациялық жаттығуды мұң мен уайым кеткенін сезгенше күнде бір рет жасау керек. Жаттығуды жасап жүрген кезде өміріңізде оң өзгерістер орын ала бастағанын және аурулардан дәрісіз-ақ «емделіп» жатқаныңызды байқайсыз.
Осы секілді кешіру техникалары көп. Бәрі де пайдалы. Ал сіз қандай кешіру әдісін білесіз? Білетініңізбен бөлісіңіз.
(Суретер ашық дерекөздерден алынды)
Ж. СМАҒҰЛОВА,
Тағы да оқыңыз:
Індетті қайтаруға ұсынылған ДҰҒА
ПНЕВМОНИЯны АФФИРМАЦИЯмен ЕМдеуге бола ма?