Жыл аяқталуға жақындаған сайын өміріңізге қандай да бір өзгеріс енгізуді ойлап жүрсіз бе? Неден бастау керек екенін білмесеңіз, оқыңыз.
Психологтар өмірді өзгерту үшін – қарым-қатынасты өзгертуден бастау керек дейді. Мысалы, айналаңыздағы адамдармен – яғни бір шаңырақ астында тұратын отбасы мүшелерімен, ұжымдағы әріптестермен, көрші-қолаңмен, саудада тауар сатып алушылармен, я болмаса жігітпен (қызбен), сүйіктіңізбен, дос-жаранмен қарым-қатынасыңызды өзгертіп көріңіз.
Әрине, ол үшін, өзіңіздің коммуникативті қабілетіңізді, артықшылықтарыңыз бен кемшіліктеріңізді анықтап алғаныңыз жөн болар. Қалай?
Бұл орайда сіздің қарым-қатынастағы стиліңізді анықтап беретін 1 минуттық визуальды тестке жүгінсеңіз болады. Мысалы, мынау суретке 1 секунд қараңыз да бірінші нені көргеніңізді «айтыңыз».
1. Ер адамның аяқтары
2. Әйелдің аяқтары
1. ЕР АДАМНЫҢ АЯҚТАРЫ
Сіз кез келген адаммен тез тіл табысып, әңгімені оңай өрбіте алатын адамсыз. Өз ойыңызды күрделендірмей, жеңіл тілмен түсіндіре аласыз. Қарым-қатынаста өзгелерден ерекшелеп тұратын қасиетіңіз – осы. Өмірлік мақсаттарыңызға жетуде осы қасиетіңізді дұрыс қолдана білсеңіз, соншалықты тер төкпей-ақ діттеген жерге жетуді жылдамдата аласыз.
Алайда өзгелердің көңіліне қарауды да ұмытпаңыз. Сіздің басқа адам туралы оңай әрі ашық айта салатын кей сөздеріңіз (шындық, ақиқат) оның жанын, сезімін жаралауы мүмкін.
КЕҢЕС: Әңгімелесушіні құрметтеу – сізді нағыз дипломатқа айналдырады.
2. ӘЙЕЛ АЯҚТАРЫ
Егер суреттен бірінші әйел аяқтарына көзіңіз түссе, онда – айтар сөзін алдымен ойлап алатын жансыз. Ауыздан шығар сөздерді елеп, екшеуге, саралап сүзгіден өткізуге белгілі бір уақыттың қажет екені анық. Өзгелермен арадағы түсініспеушілікке, байланыстың жылдам үзілетініне айтар сөзіңізді көп ойланатыныңыз кедергі боп жүрген шығар?! Сөзіңізді ой қазанында қорытып, қажеттісін іздеп отырғаныңызды басқалар үнсіздікке, елеусіз қалдырды, тыңдағысы келмеді деп қабылдауы мүмкін.
КЕҢЕС: Әңгімелесушіге «естіртіп ойланыңыз». Сонда қарым-қатынастағы түсініспеушіліктер, өзгелердің сізді іштей «жираф» деп ойлауы жойылады.
(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)
Жазира СМАҒҰЛОВА,
Тағы да оқыңыз
Бойжеткен, мынандай 5 СӨЗДІ айтқан еркекпен байланысты ҮЗ