Маскалардың біреуін таңдап, ішкі күйіңізді және не істеу керектігін анықтаңыз.
фото: ЖИ
Қазіргі сәтте жан дүниеңізде не болып жатқанын және бейсаналы түрде нені жасырып жүргеніңізді анықтауға дайынсыз ба? Онда суретке қарап, көп ойланбай, жаныңызға әсер еткен масканы таңдаңыз. Бұл сіздің ішкі күйіңізді немесе жасырып жүрген эмоцияңызды көрсетеді.
1-Қайғы маскасы
Сіз сырттай мықты көрінгеніңізбен, ішіңізде жиналған мұң бар. Кейде өзіңізді ешкім түсінбейтіндей сезінесіз. Мұңды ішке тыға бермей, оның сыртқа шығуына рұқсат беріңіз (жылау, күнделік жазу немесе сенімді адаммен бөлісу арқылы). Өз әлсіздігіңізді қабылдау - сізді әлсіз қылмайды, қайта шынайы күш береді.
2-Күлкі маскасы
Сіз үнемі күліп жүресіз, бірақ көп жағдайда сол күлкінің артында шаршау жасырылады. Басқаларды қуантасыз, ал өз сезіміңізді кейінге ысырасыз. Басқалардың жайлылығы үшін өз шаршауыңызды жасыруды тоқтатыңыз. «Мен де шаршаймын, менің де көңіл-күйім түсуге құқығы бар» дегенді өз-өзіңізге айтып үйреніңіз.
3-Бас сүйек маскасы
Сіз өмірдің шындығын терең түсінетін адамсыз. Кей нәрседен көңіліңіз қалған. Қазір өміріңізде үлкен өзгеріс немесе қайта туу кезеңі болуы мүмкін. Өткенге өкінуді немесе көңіл қалушылықты өмірлік тәжірибе ретінде қабылдаңыз. Жаңа кезеңге қадам басу үшін икемділік пен ішкі жаңаруға орын беріңіз.
4-Ашу маскасы
Ішіңізде жиналған реніш немесе ашу бар. Көп нәрсеге шыдап келдіңіз. Енді жаныңыз әділдік пен еркіндік сұрап тұр. Ашуды тұншықтырмаңыз, бірақ агрессияға да айналдырмаңыз. Ашуды спорт, белсенді қозғалыс немесе «мен-позициясы» арқылы (мысалы: «Маған бұл әрекет ұнамайды») ашық әрі сау жолмен білдіруді үйреніңіз.
5-Сабыр маскасы
Сырттай өте тыныш көрінесіз. Бірақ ішкі әлеміңізде үлкен күрес жүріп жатыр. Сіз бәрін бақылауда ұстауға тырысасыз. Өмірде сіздің еркіңізден тыс болатын дүниелердің бар екенін мойындаңыз. «Әлемді бақылау» жүгін иығыңыздан түсіріп, медитация мен тыныс алу жаттығулары арқылы ішкі тыныштыққа жол беріңіз.
6-Қорғаныс маскасы
Сіз жүрегіңізді көп адамға аша бермейсіз. Себебі бұрынғы жарақаттар әлі де әсер етеді. Сенім сіз үшін өте маңызды. Әрине, сақтық керек, бірақ шектен тыс жабықтық сізді жалғыздыққа тірейді. Адамдарға кішігірім қадамдармен сеніп көріңіз, ең бастысы — өз-өзіңізге және өз таңдауыңызға деген сенімді нығайтыңыз.
7-Құпия маскасы
Сіз ерекше харизмасы бар жансыз. Адамдар сізді толық түсіне алмайды. Ішкі әлеміңіз терең әрі жұмбақ, бірақ бұл басқалардан оқшауланудың құралына айналмауы тиіс. Сіздің тереңдігіңізді бағалай алатын, интеллектуалдық және рухани деңгейіңіз сәйкес келетін ортаны қалыптастырыңыз. Өз біліміңіз бен идеяларыңызды бөлісуден қорықпаңыз.
8-Өзгепланеталық маскасы
Кейде өзіңізді бұл ортаға жат сияқты сезінесіз. Сіз өзгеше ойлайтын, сезімі терең адамсыз. Интуицияңыз өте күшті. Өзіңізді басқалармен салыстыруды тоқтатыңыз. Ішкі интуицияңызға (ішкі дауысыңызға) сеніңіз және өзіңізді еркін көрсете алатын шығармашылық немесе кәсіби бағытты дамытыңыз.
9-Клоун маскасы
Сіз өзгелерді күлдіріп, мотивация беріп жүресіз. Бірақ өз жүрегіңіздегі ауырлықты көпшілікке көрсетпейсіз. Сізге де демалып, ішкі жан дүниеңізді тыңдау қажет. Басқаларға мотивация бермес бұрын, өз ресурстарыңызды толтырып алыңыз. Энергетикалық аскеза жасап, әлеуметтік желі мен артық қарым-қатынастан үзіліс алып, тек өзіңізге уақыт бөлетін өзіңмен кездесу күндерін ұйымдастырыңыз.
Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,
Тағы да оқыңыз:


