«Ontustik fashion week» байқауындағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды

0
3 166

Шым қаладағы «SAUKELE» Ballroom-да ​«Ontustik fashion week» байқауы​ өтті. Бұл шараны облыстық "Жастар Ресурстық орталығы​" Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ​ұйымдастырды.


«Ontustik fashion week» байқауындағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды

Шым қаладағы «SAUKELE» Ballroom-да «Ontustik fashion week» байқауы өтті. Бұл шараны облыстық "Жастар Ресурстық орталығы" Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырды.


Талғампаз тұтынушылардың ойынан шығып, сән әлеміне қазақстандық жас дизайнерлердің жаңа стилін енгізу, заманауи мәдениетті «Рухани жаңғыру» құндылықтарымен үйлестіру шараның басты мақсаты болды. Жас дизайнерлердің жаңа идеяларын өндірістік ортада насихаттап, оларға өз қызметін ұсынып, сондай-ақ жаңа тапсырыстар алудың мүмкіндігі берілетін шара болды.

Аталмыш байқауға 4 стиль бойынша 25 жас дизайнерлердің топтамалары арасында 150 ге жуық киім үлгілері көрсетілді. Халық мұрасы мен бүгінгі киім үлгілерінің арасын жалғаған өнерлі жастарға әділқазы алқалары оң бағасын беріп, 2 000 000–дық жүлде қорын үздіктерге табыстады.

"ЭТНО СТИСЬ" бағыты бойынша Мұратбаева Ғазиза мен Мергенбаева Айдана ерлерге және әйелдерге арналған «НҰРЛЫ ТАУ» киім топтамасымен жеңіске жетті.

"ГЛАМУР және КЭЖУАЛ" стилі бойынша 21 жастағы 4 курс студент Азиева Эльмира «ДАЛА САЗЫ» киімдер топтамасымен ерекше көзге түсіп бас жүлдені иеленді.

"ПРЕТ-A-ПОРТЕ" стиліндегі «НАЗ КЕРІМ» топтамасының авторы, дизайнер Аділ Абишев, қазылар алқасының шешімімен осы стиль бойынша жеңімпаз болды.

Ал қосалқы бөлшектер саналатын "АКСЕССУАРЛАР" топтамалары бойынша 100% қой жүнінен (меренос) сөмке жасайтын «KZ ӨНЕР» компаниясының дизайнері Ахаш Арай жоғарыдан көрінді.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ