Бұл елді ӘЛЕМ басқа, өз ХАЛҚЫ басқаша атайды

0
3 295

Финляндия – Суоми: екеуі де бір елдің атауы


Бұл елді ӘЛЕМ басқа, өз ХАЛҚЫ басқаша атайды

Топонимика – тарих пен мән-мағынаға толы терең ғылым. Ел мен елдің шекара есігі айқара ашылған бүгінгі уақытта бір елдің топонимикасы бүкіл әлемге таныс әрі ортақ. Алайда, ресми атауы басқаша, ал өз халқы «еркелетіп» өзгеше атайтын елдер де бар екен.

Саяхаттап барғанда түсінбей, таңырқап қалмау үшін бұл қай елдер екенін және шынайы-лақап аттарын танып алған артық болмайды.


Мәселен, Еуропа елі – Албанияны өз халқы «Шкиперия» деп атайды. Сәйкесіне біз албан халқы деп қабылдайтын ұлт өздеріне «шкиптер» деп айдар тағады. Тіл мамандары бұл сөздердің түпкі түбірін «Бүркіттер елі» деген мағынамен түсіндірген.


Біздің қолданысымызда «Венгрия» және «Мажарстан» деген екі атау қатар қолданылатын елдің өз тұрғындарының нұсқасы – «Магьярорсзаг». Тілге де, жазуға да жеңіл келмейтін бұл сөздің түп төркіні «модьяр» деген ұлт атауынан шыққан екен.


Германия халқын бүкін әлем «неміс» деп атаса, олардың тілінде – «дойч» («deutsch»). Осыдан келіп Германия деген атаумен қатар, «Дойчланд» («Deutschland») атауы да қолданыста. Ал Алмания атауы («Allemagnia») – «түрлі халықтар елі» деген сөзден шыққан.


Гректердің де өз ұлты мен мемлекетіне қатысты өзгеше атауы бар. Олардың арасында әлі де өздерін «эллиндер», ал мемлекетін «Эллада» деп таныстыратындар бар.


Грузия мемлекетінің грузин тіліндегі атауы – Сакартвелло. Ал грузин халқының ұлттық атауы – «картули».


Үндістанға барсаңыз, «Бхаратқа қош келдіңіз!» деп қарсы алса, қай елге кеп қалдым деп шошымаңыз. Себебі, үнділер өз елін осылай атайды. Бұл жай ғана жергілікті халық ойлап тапқан ауызекі атау емес, ел конституциясында бекітілген.


Бүкіл дүние жүзінде «Қытай», «Чайна» атауларын білмейтін жан жоқ шығар, сірә. Ал, қытайлардың өз ұлтын «хань», елін «Чжунго» деп атайтынын екінің бірі білмеуі мүмкін.


Кореяның да жергілікті халқының өздері ғана атайтын, өздері ғана түсінетін мемлекет атауы бар. Корё деп ойлап тұрсыз ба? Жоқ, қателестіңіз. Кәрістен өз елін әлі де Хангук немесе Чосон сынды тарихи атауларымен атайды.


Финляндия – Суоми: екеуі де бір елдің атауы. Тек біріншісін бүкіл әлем хақы қолданса, екіншісін фин халқы қолданады.


Ақпарат сіз үшін қызықты болды ма? Есіңізге сақтап алуға тырысыңыз. Аталған елдерге жолыңыз түсіп, сапарлай қалсаңыз, пайдасы тиіп қалар, бәлкім.

Дайындаған: Б. Ерман,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

ШЕТЕЛДЕ ОҚУ: құжат қана емес, БҰЛ да дайын болсын

Әлемдегі ЕҢ ЕРЕКШЕ 4 театр: біреуі – ТҮРКІСТАНДА