Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуы мүмкін

0
228

Бұл тыйымның негізгі мақсаты - отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау.


Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуы мүмкін

фото: Unsplash / Raiyan Zakaria

ERNUR.KZ. Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуды көздеп отыр, деп жазады sputnik.kz.
Тиісті бұйрықты ауыл шаруашылығы министрлігі "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жариялады.
"Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын әкелуге бір айға тыйым салу көзделген", - делінген құжатта.
Бұл тыйым Қазақстан арқылы транзитке, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен Қазақстан арқылы одаққа мүше басқа мемлекетке тасымалдануына қатысты емес.
Министрлік бұл тыйымның негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау екенін хабарлады.