Ерекше әсер беретін мүсіндер ұлы тұлғалар мен маңызды тарихи оқиғалардың құрметіне орнатылған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Әлемдегі ғажайып сәулет туындылары өзінің биіктігімен ғана емес, орналасқан қала мен елдің ең көрікті орындарына айналуымен ерекшеленеді. Сондықтан, ең биік мүсіндерді өз көзімен көруге жыл сайын мыңдаған туристер ағылып барып жатады.
11. «Отан Ана», Ресей
«Отан Ана» мүсіні Ресейдегі Волгоград қаласында Ұлы Отан соғысындағы 1942 жылдың тамыз айынан 1943 жылдың ақпан айына дейін созылған «Сталинград түбіндегі шайқас» жеңісінің құрметіне орнатылған. Бұл шайқас аталған соғыстағы ең ұзақ, әрі маңызды оқиғаның бірі болған. Ескерткіштің жалпы биікті 87 метр, ал қылышының ұзындығы 33 метрді құрайды.
1967 жылы әлем назарына ұсынылған ескерткішті инженер Николай Никитин мен мүсінші Евгений Вучетич жобалап, оның құрылысына 7900 тоннадан астам бетон пайдаланылған.
10. Лингшандағы лы Будда ескерткіші, Қытай
Қытайдағы ең биік Будда мүсіндерінің бірі Лонгшань тауларында орналасқан. Биіктігі 88 метр және салмағы 700 тоннаны құрайтын мүсін толығымен қоладан соғылған.
9. «Таиландтың Ұлы Буддасы», Таиланд
Таиландтағы ұлы Будданың құрметіне соғылған 92 метрлік мүсін елдегі ең биік ескерткіш. Оның құрылысы 1990 жылы басталып, 2008 жылы аяқталған және мүсін цементтен соғылып, алтын жалатылған бояумен боялған.
8. Ұлы Петр мүсіні, Ресей
Ресей империясын 43 жыл басқарған Петр I-дің құрметіне салынған 98 метрлік мүсін Мәскеу қаласындағы Мәскеу өзенінің бойында орналасқан. Мүсіннің жобасын грузин дизайнері Зураб Церетели жасап, ескерткішті 600 тонна тот баспайтын болат пен қоладан соққан. 1997 жылы ашылған мүсіннің салмағы – 100 тоннаға тең.
7. Сендай Дайканнон, Жапония
Биіктігі 100 метр болатын «Сендай Дайканнан» мүсіні Жапониядағы Сендай қаласында салынған. Ескерткіш сол аумақтағы биік нүктелердің бірінде орналасқандықтан, оны қаланың көптеген жерлерінен көруге болады. Ең қызығы – туристер лифт арқылы мүсіннің шыңына шығып, бүкіл қаланы көре алады.
6. Император Янь және Хуан, Қытай
Бұл қосарланған 106 метрлік мүсін Хэнань провинциясында Қытай императорлары Янь мен Хуанның құрметі 1987 жылдан бастап, 20 жыл бойы салынған. Сондай-ақ, осы ескерткішті салу үшін Қытай Үкіметі 22,5 млн. доллар қаржы бөлген екен.
5. Гуань Инь мүсіні, Қытай
Будда дінінң жанашыры Гуань Иннің 108 метрлік мүсіні Қытайдағы Хайнань провинциясында орналасқан. Оның ерекшелігі – мүсіннің құрлыққа және теңізге қарап тұрған үш түрлі тұлғасы бар. Бұл алып ескерткіштің құрылысын аяқтау үшін 6 жылға жуық уақыт қажет болған.
4. Дайбуцу Ушику, Жапония
Ушику Даибуцу – «Ұлы Будда Ушику» деген мағынаны білдіреді екен. Жапонияның Усику қаласында орналасқан, толығымен қоладан құылған мүсіннің биіктігі 110 метр.
Бұл ескерткішке келушілер лифт арқылы мүсіннің ішіндегі төрт түрлі аймақта бола алады. Оның біріншісінен – әсем әуендер ести алады, ал екінші деңгей толығымен Інжілдік зерттеулерге арналған. Сондай-ақ, үшінші деңгейдегі бөлімде 30000 Будда мүсіні орнатылса, ең жоғарғы аймақта әсем бақтарды тамашалауға болады.
3. Laykyun Setkyar, Мьянма
Биіктігі 116 метр келетін Мьянма еліндегі Монив қаласында орналасқан Laykyun Setkyar мүсінінің құрылысы 1996 жылы басталып, 2008 жылы аяқталған.
Сондай-ақ, бұл мүсіннің ішінде де лифт бар, ол арқылы келушілер қаланың келбетін тамашалау үшін жоғарыға көтеріле алады.
2. Будданың көктемгі ғибадатханасы, Қытай
Бұл Қытайдағы Хэнаньда орналасқан әлем бойынша ең биік мүсін. Биіктігі 153 метрлік сәулет туындысы 1997 жылдан бастап 2008 жылға дейін салынған, ал құрылысына 55 миллион доллар қаржы жұмсалған.
1. Бірлік мүсіні, Үндістан, 182 метр
Ал Үндістандағы «Темір адам» Сардар Валлаббхай Петеле есімді адамның 143 жылдығына 2018 жылдың 31 қазанында ашылған. 33 ай бойы салынған ғажайып мүсіннің құрылысына 180 000 текше метр цемент, 18 500 тонна болат арматура және 1850 тонна қола жұмсалған.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Еуропада туристер үшін ҚАУІПТІ орындар бар