Қазан айында ҚАЙДА САЯХАТТАҒАН ДҰРЫС? Түрлі талғамға сай бағыттар

0
1 390

Сапарды айдың алғашқы бөлігіне жоспарлаңыз.


Қазан айында ҚАЙДА САЯХАТТАҒАН ДҰРЫС? Түрлі талғамға сай бағыттар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазан айы өзіңізге жайлы демалыс сыйлауға тамаша мүмкіндік. Теңізге немесе көрмеген қалаларға барыңыз. Ал біз күздің ортасында саяхаттауға қолайлы болатын 10 бағытты ұсынамыз.


Ыстамбұл (Түркия)

Қазан – Стамбулды емін-еркін зерттегісі келетін саяхатшылар үшін тамаша ай. Бұл кезде Ыстамбұлдағы орташа ауа температурасы +19 °C, түнде +12 °C болады, жауын-шашын көбейеді. Сондықтан туристерге салқын ауа-райына қажетті қолшатыр мен пальто алуға кеңес беріледі.

Ыстамбұл көшелерімен жүріп, мынадай көрікті жерлерді зерттеңіз: Сұлтанахмет тарихи ауданы, Долмабахче сарайы, Галата мұнарасы, Ортакей мешіті, Истиклал. Арасында жылынып алу үшін жергілікті мейрамханаларға кіріп, бір кесе хош иісті түрік кофесін ішуге болады.


Флоренция (Италия)

Қазан айы Флоренцияға баруға қолайлы ең жақсы уақыттардың бірі. Туристерді жылы, шуақты ауа-райы күтеді. Қазан айының басында термометр бағаны +22 °C-қа жетеді. Оның үстіне осы кезде сапар құны арзанырақ болады.

Синьория алаңына, әдемі Боболи бақтарына, Медичи Вилла Петраяның қала маңындағы резиденциясына, сондай-ақ флоренциялық Дуомо соборына, палазцо Векчиоға және басқа да көрнекті орындарға барыңыз. Жергілікті итальяндық шараптардың және Тоскан асханасының тіл үйіретін шедеврлерінен дәм татуды ұмытпаңыз.


Берлин (Германия)

Қазан айында Берлиндегі орташа ауа температурасы +10 °C шамасында болса да, саяхаттан ләззат алу үшін шуақты күндер әлі де жеткілікті болады. Дәстүр бойынша мұнда қазан айында әйгілі Жарық фестивалі өтеді. Бұл уақытта түрлі-түсті шамдармен жарқырайтын Берлиннің ескерткіштерін, көрікті жерлері мен әйгілі көшелерін, блоктары мен алаңдарын тамашалауға болады.

Бранденбург қақпасына, Берлин қабырғасы мемориалдық кешеніне, шығыс жағындағы галереяға, Рейхстаг ғимаратына, мұражай аралына, Шарлоттенбург сарайына және қаланың басқа да көрікті жерлерін көріңіз.


Мадрид (Испания)

Күзгі демалысты көптеген мұражайлары, сәнді бульварлары мен саябақтары бар Испания астанасында өткізу тамаша шешім. Теңіз курорттарынан айырмашылығы туристер Мадридке жыл бойы ағылып жатады. Соның ішінде туристердің басым бөлігі күзде барады. Себебі бұл уақытта жазғы аптап ыстық өтіп, қолайлы ауа температурасы қалыптасады. Күндіз ауа +25 °C-қа дейін қызса, түнде +20 °C-қа дейін салқындайды.

Король сарайын көруге және Мадридтің басты алаңына, Прадо мұражайы мен Королева София өнер орталығына баруға, Ретиро саябағындағы Хрусталь сарайының жанында серуендеуге, жергілікті соборларды, түрлі-түсті көшелер мен блоктарды көруге болады.


Марракеш (Марокко)

Егер сіз таңғажайып күннің батуын көргіңіз келсе, түрлі-түсті тағамдарды жеп, түрлі-түсті шығыс базарларын аралағыңыз келсе, Марракешке барыңыз. Африканың мәдени астанасы көріністермен, дыбыстармен және иістермен таңқалдырады.

Негізгі көрнекті орындар — Медина (ескі қала) мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Джемаа-эль-Фна алаңына барыңыз. Мұнда сіз жыландарды, түрлі саудагерлерді және музыканттарды көре аласыз. Бахия мен Эль-Бади сарайларына барып, Кутубия мешітінің архитектурасын, Али бен Юсеф медресесін және Муассинді зерттеуге болады.


Эль-Фуджайра (БАӘ)

Эль-Фуджайра — БАӘ құрамындағы ең «жасыл» әмірліктердің бірі. Ол Үнді мұхитының суна жақын орналасқан. Әмірлікке адамдар ақ және алтын құмдарда демалып, суға шомылу үшін барады. Ең ыстық кезең мамыр–қыркүйек айларында болады, сондықтан қазан демалу үшін ыңғайлы болып саналады. Бұл уақытта орташа температура +33 °C-ты құрайды.

Эль-Фуджейраның жағалауы бірнеше ондаған шақырымға созылған. Танымал көрікті жерлерге Фуджайра, Эль-Хейл, Эль-Битна және Вади-Дафтаның ежелгі бекіністері кіреді.


Крит (Греция)

Крит - күзде грек аралдарының ішіндегі ең жылысы болады, бірақ туристік маусым қазан айының ортасына дейін жабыла бастайды.

Теңіз суының температурасы +24 °C-тан төмен түспейді. Жағалау бойында желден қорғалған бірнеше жайлы шығанақ бар, сондықтан мұнда демалу ыңғайлы. Криттегі теңіз демалысын экскурсиямен оңай біріктіруге болады. Мысалы, Кноссос сарайы мен Самария шатқалын зерттеңіз. Жергілікті дәмді сезіну үшін шарап зауыттары мен зәйтүн диірмендеріне барыңыз.


Алания (Түркия)

Қазан айында Түркия жағалауындағы ең жылы ауа-райы Аланияда қалыптасады, курорттағы ауа күндіз +27 °C-қа дейін қызады, ал теңіз суы шомылуға ыңғайлы температурада— +22+25 °С.

Түрік жағалауына әсер ететін Жерорта теңізі климатының арқасында қазан айында Аланияда «барқыт» маусымы жалғасады. Артықшылығы – аптап ыстықтың болмауы, туристер ағынының азаюы және демалыс бағасының төмендеуі. Сапарды айдың алғашқы бөлігіне жоспарлаңыз, өйткені қазан айының екінші жартысында ауа-райы бұзылып, жаңбыр мен желмен пайда болуы болуы мүмкін.


Қазан – күздің ортасы болса да, бұл уақытта шетелде жақсылап демалуға болады. Өзіңізге ұнайтын бағытты таңдап, саяхатты жоспарлаңыз.


Дайындаған Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жаһандық туризмдегі ОЙ САЛАТЫН ТРЕНДТЕР

Саяхат адам өмірін ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТЕДІ?