МИЛЛИОНЕРЛЕР мекеніне айналған аралдың ҚҰПИЯЛАРЫ

0
2 280

Бір кездері «Сен-Бартелеми» деп аталатын арал, демалысын тыныш өткізгісі келетіндер үшін қазына сақталған орын ретінде қызмет еткен.


МИЛЛИОНЕРЛЕР мекеніне айналған аралдың ҚҰПИЯЛАРЫ

ллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бұл аралда миллионерлер өте көп болғандықтан көптеген туриске танымал болып қалған.


Шағын тарихы бар кішкентай арал

Сен-Бартелеми аралы (қысқаша – Сен-Барт) Кіші Антиль аралдарының шығыс бөлігінде орналасқан. Мұнда мәңгілік жаз, тропикалық климат және ауа мен судың өзгермейтін температурасы қалыптасқан. Зерттеулер бойынша бұл аралдың аумағында өзен мен бұлақ болғаны анықталған.

Негізі аралды еуропалықтар Христофор Колумбтың саяхатының арқасында ашқан. Арал Христоформен бірге Эспаньол аралының маңында (Гаити), Сен–Бартелеми аумағында саяхаттаған атақты итальяндық губернатор Бартоломеоның кіші ағасының есімімен аталған.

Ұзақ уақыт бойы елеусіз болған «Сен-Бартелеми» XVII ғасырдың ортасында назарға түсе бастағасын, Сен-Барт 1653 жылы меншікке сатып алады. Бірақ, бірнеше жылдан кейін француздар бұл жерді қайта сатып алған.

Сен-Бартелеми аралы біраз жылдар аралығында қарақшыларға арналған транзиттік пункт ретінде қызмет етті және олар испандық галерондарға шабуыл жасау кезінде иеленген қазыналарды осында жасырып, Еуропаға шығарған. Ал аралдағы жасырынған қоймалардың көбі "бұзушы"деген лақап атпен танымал қарақшы Даниэл Монбардың қатыгездігінің арқасында пайда болған деседі. Айтпақшы, олар жасырған қазынаның бір бөлігі әлі күнге дейін табылмаған.

Бұл аралда бірінші теңізшілер мен қарақшылар өмір сүрген, ал бірнеше ғасырдан кейін жергілікті халқы пайда болады. Уақыт өте келе Сен-Бартада кәдімгі қолөнер шеберлері, егіншілер мен балықшылар пайда бола бастаған. Сен-Бартелемидің бір ерекшелігі – аралда ешқашан құлдық қарым-қатынас болмаған. Себебі, онда кофе, қант қамысы, мақта секілді плантациялар өсірілмеген.


1784 жылы «Сен-Барт» Швецияға сатылып, порт орналасқан аралдың ең үлкен қонысы Швед королі Густав III құрметіне – Густавия атауын алды. Қазір бұл қала Франциядағы Сен-Бартелеми Замор қауымдастығының әкімшілік орталығы.


Аралдың географиялық жағдайы ауыл шаруашылығына немесе басқа да ауқымды өндіріске сай келмейтіндіктен зат сақтау және сауда орталығына айналған.


Сен-Бартелеми және ХХ ғасырдың байлары

Содан кейін ұзақ жылдар бойы арал тұрғындары жайбарақат күн кешеді. Ал 1957 жылы бұл жерді американдық миллиардер Дэвид Рокфеллер сатып алудан бас тартқасын, бір бөлігін Ротшильд пен Форд иеленген және қалтасы қалың адамдар бұл аймаққа қаржы салып, алыс-жақын жердегі миллионер туристер ағылып келе бастаған.

Бірте-бірте туристік орталыққа айналған Сен-Барт ықпалды жер иеленушілерді пайдалана отырып барлық қонақтар мен тұрғындар өмірінің жайлы болуын қамтамасыз ететіндей жағдайға жетеді. кейбір талаптар. Мәселен, Сен-Бартаның барлық жағажайлары қоғамға арналған, яғни теңізге жақын жатқан жерлерді сатып алу мүмкін емес.

Сондай-ақ, аралдағы құрылыс та қатаң қадағаланған. Ондағы ғимараттардың биіктігі мен кескіні табиғи ландшафт үйлесімін бұзбауы керек, ал шатырды міндетті түрде үш түрлі – қызыл, қоңыр немесе жасыл түске бояу керек.

Бір қызығы мұнағы халықтан жыл сайын аралға демалуға келетін бай туристердің саны көп. Соңғы жиырма жыл ішінде Сен-Барта халқының саны небәрі екі есе өсіп, тоғыз мың адамға жеткен.


Жағажайдағы демалыс

Қазір бұл аралға қыруар қаржыны санап бере алатындар барады десек қателеспейміз. Онда әлемдегі ең қысқа қону жолағының бірі орналасқан, ұзындығы 625 метрді құрайды. Аралға ең алғаш голланд контрабандашылары және Густавия мэрі Реми де Хаененен ұшып келген. Содан кейін әлемдегі атақты қонақтар келе бастайды.

Сондай-ақ, Сен-Бартада саясаткерлер, кино мен театр жұлдыздарының және спортшылардың сүйікті демалыс орнына айналған "Гувернер", "Салин", "Лориент" жағажайлары бар. Ал 2009 жылы Рокфеллердің аймағын Роман Абрамовичтің сатып алуы Ресейлік туристердің де баруына септік болған.

Жергілікті халықтың кез келген қонақты кәдесыймен шығарып салатын ерекшелігі аралдың имиджіне айналған. Бірақ, мұнда қарапайым дүкендер таба алмайсыз, тек қымбан дүкендер. Бірақ, аралда іс үзінде қылмыс орын алмайды. Ал, қай жағажайға барсаңыз да көптеген яхталар тұрады.


Сен-Бартаның мәдени-тарихи мұрасының қатарына XVIII ғасырда салынған Англикан шіркеуі мен аралдың ең биік нүктесіндегі маяк қана кіреді. Өйткені, мұнда ешқандай саяси құрылымдар жоқ, тек демалыс аймағы ретінде саналады.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Өзге елде бұл ишараларды ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ!


Карантин кезінде ОНЛАЙН-САЯХАТ жасап сергіп тұрыңыз