Жаңа жыл – бүкіл әлем атап өтетін ерекше мереке.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Біз өз елімізде жаңа жылды тойлаудың қалыптасқан үрдісі бар екенін білеміз. Сол сияқты әлемнің басқа елдерінде де өз дәстүрлері бар. Олардың кейбіреулері ерекше әрі қызық болып келеді.
Индия
Үндістанның әр аумағындағы тұрғындар жаңа жылды әртүрлі ерекше рәсімдермен қарсы алады. Мысалы, Солтүстік Үндістан тұрғындары бұл мерекеде өз киімдерін ақ, қызғылт, қызыл және күлгін түсті гүлдермен әшекейлесе, Орталық Үндістандағы ғимараттар түрлі-түсті жалаумен безендіріледі. Ал, Батыс Үндістанда үйлердің шатырында кішкентай шамдар жағылып, таң ата салысымен балаларға сыйлық үлестіріледі.
Ирландия
Ирландияда «Жаңа жыл» қарсаңында әр үйдің есіктері айқара ашылып, әр адам кез-келген үйдің қонағы бола алады. Тиісінше, үй иелері келген адамға сапалы шарап ұсынып, кешкісін барлығы алаңға шығып, көңіл көтереді.
Италия
Италияда күнтізбе ауысатын түні адамдар қажетсіз заттарын терезеден көшеге лақтырып тастайды. Өйткені, оларда қажетсіз заттарды қаншалықты көп лақтырса, жаңа жылда соншалықты мол табысқа кенелеміз деген сенім қалыптасып қалған.
Куба
Ал, кубалықтар 31 желтоқсан күні ыдыстарға таза су құйып, сағат 00.00 болғанда барлығы суды терезеден көшеге қарай шашады. Бұл ескі жылдың аяқталғанын және жаңа жылда адамдардың судай таза болуын қалайтындығын білдіреді екен.
Финляндия
Финляндияда бұл мерекенің басты кейіпкері – Аяз ата болады. Фин дәстүрі бойынша, Аяз ата бұзық балалардың ата-анасына шыбық сыйласа, тәртіпті бүлдіршіндерге сыйлық әкеледі.
Голландия
Голландия және Бельгия халқы жаңа жылдың алғашқы күндері жыл бойына әсер етеді деген ұстаныммен өздерін дұрыс ұстауға, қарызға ақша алмауға және тек жаңа киімдерді киюге тырысады.
Бирма
Бирмадағы «Жаңа жыл» өте ыстық мезгілде келетіндіктен, бұл мерекені адамдар бір-біріне су шашып тойлайды. Бірақ, ондай рәсім жаңа жылға бақыт тілеуге баланатындықтан, ешкім де ренжімейді.
Дания
Даниядағы «Жаңа жыл» мерекесінде орманды браконьерлерден қорғау шарасы өтеді және орманшылар арнайы құралдармен орман шыршаларын өңдейді.
Австралия
Австралияда бұл кезде қар, шырша, бұғы және мерекенің басқа да атрибуттарының жоқтығынан, Аяз ата Сидней жағажайларына барып, серфинг теуіп көңіл көтереді.
Япония
Ал, Жапонияда «Жаңа жыл» мерекесі 1 қаңтарда тойланады.
Бразилия
Бразилиядағы «Жаңа жыл» мерекесінде мұхит жағажайында мыңдаған шамдар жанып, суға гүл күлтелері тасталады. Ал, әйелдер ұзын көйлектермен шомылады.
Швеция
Швециялықтар «Жаңа жыл» мерекесінде көршілердің ауласынада ыдыс-аяқ сындырады екен.
Дайындаған:Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Жаңа жылда ӘДЕТТЕГІДЕЙ демалудан ШАРШАДЫҢЫЗ ба?
Жүріс арбасын қолданғандарға 100.000$ АЙЫППҰЛ салып, ТҮРМЕГЕ қамайтын ел бар