Ресми астанасы жоқ, тіпті астана салатын жері жоқ елдерді білесіз бе?

0
5 399

Тіпті, әуежай немесе темір жол станциялары жоқ астана да бар екен.


Ресми астанасы жоқ, тіпті астана салатын жері жоқ елдерді білесіз бе?

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Дүниежүзінде Сіздің де, біздің де білмейтініміз жетерлік. Соның арасында өз ерекшелігімен назар аудартатын астаналар да бар. Сол себепті, Сіздерге әлемдегі ерекше астаналар туралы қызықты деректер ұсынамыз.


1. Үндістанның ауысып тұратын астаналары

Үндістанның Джамму және Кашмир деп аталатын біріккен штаттарының екі маусымдық орталықтары бар. Джамму штатындағы Джамму қаласы қазаннан наурызға дейінгі «қысқы орталық» болса, Кашмирдегі Сриганар қаласы наурыздан қазан айына дейінгі «жазғы орталық» болып есептеледі. Себебі, Джамму қаласында қыста, Сриганар қаласында жазда ауа райы қолайлы болады.


2. Танзания – екі астанасы бар ел

Ал Танзания мемлекетінің екі астанасы бар. Тарихи астанасы Дар-эс-Салам мемлекеттің әкімшілік орталығы болса, Додома заңды астанасы болып есептеледі.


3. Лихтенштейн астанасы – станциясы жоқ қала

Лихтенштейн астанасы Вадуцта әуежай немесе темір жол станциялары жоқ.


4. Мексика астанасы – шаңды қала

Мехико – Мексиканың астанасы және ең үлкен қаласы. Федералды округте 20 миллион, ал Мексиканың өзінде – 8,9 миллион адам өмір сүреді.

Бұл қалаға келгенде абай болу керек. Бұрын Мексиканың ауасы лас болғаны соншалықты, жыл бойы қаланың төбесі шаңнан көрінбейтін. Бүгінде биліктегілер бұл мәселені шешуге тырысып жатыр және ауа бірте-бірте тазару үстінде. Бұдан басқа, Мексикада шаңды дауылдар мен жер сілкінісі жиі болады. Бірақ, жер сілкінісі жиі болғанымен тым күшті болмайды.


5. Чехия астанасы – ескі сәулетті қала

Чехия астанасы Прага – ғажайып пен жайлылықты қалап жүргендерге арналған жұмақ іспеттес қала. Себебі, Прага ескі көшелер мен көз тоймайтын көптеген көрікті жерлерімен кез-келген адамды баурап алады. Прага «ескі, жайлы қала» ретінде қыдырып келген туристердің есінде мәңгі қалатын жер десек те болады.

Праганың ескі тарихи жерлерінің көркін ешқандай заманауи құрылғылар да өзгерте алмайды. Мұнда қаланың қажетті көрінісін сақтау үшін жерсеріктік антенна мен пластикалық терезелер орнатуға да тыйым салынған. Дегенмен, бұл Прагадан тек ескі кірпіш үйлер мен көшелерді ғана көруге болады дегенді білдірмейді. Ескі көрінісін сақтап қалған қалада көптеген заманауи ғимараттар да баршылық. Мысалы, танымал би үйі дәл осы Прагада орналасқан. Ал тағы біраз серуендесеңіз көптеген фабрикаларды, тіпті Эйфель мұнарасын да көре аласыз!


6. Италия астанасы – «қаланың ішіндегі қала»

Рим өте танымал әрі басқа қалалардан айтарлықтай ерекшеленеді. Себебі онда көптеген тарихи көне ескерткіштер мен шіркеулер сақталған. Мұнда тіпті, «қаланың ішіндегі қала» Ватикан яғни, тағы бір астана – католик шіркеуі бар.

Сондай-ақ, Римнің тек төрттен бір бөлігінде ғана тұрғын үй кешендері тұрғызылған, есесіне қалада серуендейтін жерлер көп. Бірақ бір барғаннан барлық көрікті орындарды тамашалап үлгеру мүмкін емес. Сондықтан, сізге осы әдемі астанада ұзақтау қыдырған дұрыс.


7. Таиландтың 21 сөзден тұратын астанасы

Бұл қаланың атауы әлемдегі ең ұзын атау ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Бангкоктың ресми атауы тай тілінде: «Крун Тхеп Маханакхон Амон Раттанакосин Махинтараюттхая Махадилок Пхоп Ноппарат Ратчатани Буриром Удомратчанивет Махасатан Амон Пиман Аватан Сатит Саккатхаттийя Витсанукам Прасит» екен. Оны қысқартып «періштелер қаласы» деп атайды.

Бірақ, қазір 21 сөздің кейбіреуі қолданылмаса да, Бангкоктың толық атауы балаларға мектепте міндетті түрде жаттатқызылады.


8. Израиль және Палестина мемлекеті – екі елге бір астана

Иерусалим бірден екі мемлекеттің, яғни Израиль және Палестина мемлекетінің астанасы.


9. Испания астанасы – Мадрид

Мадрид Испанияның дәл орталығында орналасқан. Ал қаланың орталығындағы Puerta del Sol алаңында нөл шақырымдық белгісі орнатылған. Одан барлық негізгі магистральдардағы жолдың қашықтығы есепке алынады.


10. Словакия астанасы – Братислава

Әлем бойынша тек Братислава қаласы ғана екі мемлекеттің шекарасына жақын орналасқан астана.


11. Швейцария

Швейцарияның ресми астанасы жоқ. Берн – тек федералды маңызы бар қала. Сондай-ақ, Науру штатының да жағдайы осындай. Жер көлемі 21 шаршы шақырымдай болатын Науруда астана салатын жер жоқ.


12. АҚШ астанасы – ел аумағына кірмейтін қала

АҚШ-тың астанасы Вашингтон екендігін бәрі білгенімен, қаланың ресми түрде «Колумбия округі» деп аталатынын көбі біле бермейді. Бұл АҚШ-тың аумағына тәуелсіз аймақ. Сондықтан, қала халқының 15% -ның ана тілі ағылшын тілінен басқа тілдер.

Вашингтон тұрғындарының саны 600 мыңнан асады, ал аптаның жұмыс күндерінде бұл сан 400 мың адамға көбейеді. Себебі, жұмысшылардың жартысына жуығы қала маңындағы елді мекендерде тұрады.


13. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласы

Рио-де-Жанейро Еуропаның шекарасынан тыс еуропалық мемлекеттің астанасы болған тарихтағы жалғыз қала. Себебі 1815 жылдан 1822 жылға дейін Рио-де-Жанейро Португалия, Бразилия және Алгарвенің, яғни еуропалық мемлекеттің астанасы болған. Қазір, бұл қала Рио-де-Жанейро штатының астанасы болып тұр.


14. Фиджи астанасы – жағажайы жоқ мұхиттағы қала

Фиджи - мұхиттағы шағын арал. Ал, Сува оның кішкентай астанасы. Бұл қаланың ауданы небәрі 2 мың шаршы шақырымды ғана құрайды. Таңғаларлығы, мұнда бірде-бір жағажай жоқ. Себебі, Сува – портты қала, мұнда тек кеме тоқтайтын жерлер ғана бар.

Бірақ бұл Сувада айналысатын ештеңе жоқ дегенді білдірмейді. Сувада көптеген саябақтар мен дүкендер, сауда орталықтары, мұражайлар мен кітапханалар бар. Сонымен қатар, Фиджидің ресми тілі ағылшын тілі болғандықтан, мұнда келу үшін қандай да бір арнайы тілдерді үйренудің қажеті жоқ.


15. Палау астанасы Нерульмуд

Нерульмуд деп аталатын Палау елінің астанасы орманның ортасында орналасқан және бірнеше үкіметтік ғимараттар ғана бар. Қала туристерді осы ерекшелігімен қызықтырады.


Басында айтқанымыздай, осындай да қызықты дүниелер бар екен.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ



Тағы оқыңыз:


Әлемнің ең суық елдерінде болғыңыз келе ме?


Әлем халқын өзіне шақырған орындар