Ұшақпен сапар: ағзаға кері әсері көп

0
226


Ұшақпен сапар: ағзаға кері әсері көп

Сурет: skenar-ekb.ru

Ұшақпен сапар ағза үшін үлкен стресс тудыруы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы ұшақта болу және биік жерлерге ұшу ағзаға бірқатар теріс әсер береді. Бірақ бұл әсерлерді минимизациялауға, тіпті джетлагты (биоритмнің бұзылуы) өз пайдаңызға айналдыруға болады.


Ауа қысымының өзгеруі

Ұшу кезінде ағзаға әсер ететін негізгі факторлардың бірі – ауа қысымының төмендеуі. Ұшақ көтеріле бастағанда ауа қысымы төмендейді, ал денедегі сұйықтықтардағы газдар ұлғаяды. Бұл әсіресе іштің кебуі секілді белгілермен көрінеді. Бұл жайсыздық ұшудан кейін бірнеше сағат бойы сақталуы мүмкін.

Қону кезінде ұшақ төмендей бастағанда ауа қысымы қайта жоғарылайды. Осы кезде газдар керісінше қысылып, түрлі дене мүшесінде, мысалы, құлақта ауырсыну сезімі пайда болуы мүмкін. Көптеген жолаушылар мұндай жағдайды жеңіл көтеріп, ұшудан кейін тез қалпына келеді.


2. Гиподинамия (дене қозғалысының болмауы)

Ұзақ уақыт бойы ұшақта қозғалыссыз отырғаннан ағзада гиподинамия, яғни, физикалық белсенділіктің болмауы дамуы мүмкін. Бұл жағдай веноздық қан айналымын бұзып, тромбофлебит сияқты қауіпті аурулардың туындауына әкелуі ықтимал. Бұл мәселені болдырмау үшін арнайы компрессионды шұлық қолдану ұсынылады. Ол қан ағысын дұрыс бағыттап, тромбтардың түзілуін болдырмайды.

Ұзақ уақыт бойы бір орында отырып, аяқтағы қан айналымы бұзылып, аяқтың ісінуі, лимфа тоқырауы, және сұйықтықтың жиналуы пайда болуы мүмкін. Бұл әсіресе көз-қабақтың ісінуі мен беттің шаршаңқы көрінуіне әкеледі.

Ұшу ұзаққа созылатын болса, денсаулыққа тигізер кері әсерін азайту үшін келесі ұсыныстарды орындау қажет:

  • Әр 2-3 сағат сайын орныңыздан тұрып, ұшақ ішінде серуендеңіз.
  • Егер орын жоқ болса немесе «қауіпсіздік белдігін байлау» белгісі жанған болса, онда аяғыңызды босатып, аяқ пен қолды жаттықтыру үшін кейбір жаттығулар жасаңыз (мысалы, аяқтың ұшына тұрып, аяқты созу).
  • Қол жүгін жоғары сөреге қойып, аяқ астында көбірек орын қалдырыңыз.
  • Аяқтарыңызды бір-біріне айқастырмауға тырысыңыз, себебі бұл қан ағысын қиындатады.
  • Мойын мен иық бұлшықеттерін босаңсыту үшін оңға-солға бұрып, айналдырып жаттығу жасаңыз.
  • Арқа ауырмауы үшін қосымша жастықты пайдаланыңыз.
  • Тромбофлебитке бейім адамдар үшін ұшаққа отырмас бұрын дәрігерге көрініп, қажетті дәрілерді тағайындауды сұрау өте маңызды.


3. Биоритмнің бұзылуы

Ұшақпен жиі немесе ұзақ сапарлау биологиялық сағаттың ауысуы, биоритмнің өзгеруіне, ұйқы режимінің бұзылуына алып келеді. Әсіресе көп сағаттық белдеулерді кесіп өткенде ағза осы өзгерістерге бейімделе алмай, шаршау, ұйқысыздық, стресстің күшеюі, жалпы әлсіздік сезімі пайда болады. Мұндай өзгерістер иммунитетті әлсіретіп, түрлі инфекцияларға осал етеді.

Джетлагты жеңілдету үшін қосымша мелатонин қоспаларын қабылдауға болады. Мелатонин ағзадағы ұйқы циклін реттейді, бірақ оның дозасын дұрыс тағайындау өте маңызды. Бұл гормонның дозасы мен уақытын маманның кеңесімен анықтауға немесе онлайн калькулятор арқылы нақты есептеуге болады.


4. Ауа ылғалдылығының төмендеуі

Ұшақ әуеге көтерілгенде салондағы ауа ылғалдылығы әдетте 20%-ға дейін төмендейді. Бұл жағдай ағзада бірнеше жағымсыз әсерлер туғызуы мүмкін:

  • Тыныс алудағы қиындық. Мұрын мен ауыз қуысы құрғап, тітіркендіреді, бұл жиі жөтелу мен түшкіруге әкеледі.
  • Теріге әсері. Тері құрғақ болып, кейде қабыршақтану мен қабыну байқалады. Ағза теріге ылғал бөліп, құрғақтықты қалпына келтіруге тырысады. Сондықтан тері майын көп бөліп шығарады, бұл бет терісінің артық майлануына себеп болуы мүмкін.
  • Көздің құрғауы. Ұшақтағы құрғақ ауа көзді де құрғатады. Бұл көздің қызаруына, көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.

Ұшақтағы осы жайсыздықтарды болдырмау үшін теріні ылғалдандырғыш құралдар немесе гидратацияны жақсартатын тері кремдерін, көзге арналған ылғалдандырғыш тамшы пайдалану ұсынылады. Сондай-ақ, ұшақта отырғанда көп су ішу маңызды.


5. Терең тыныс алу және стресс деңгейін төмендету

Ұшу кезінде стресс деңгейінің жоғарылауы немесе мазасыздық сезімінің болуы қалыпты жағдай. Бұл ұзақ сапарларда да, жақын арақашықтықтағы ұшуларда да сезілуі мүмкін.

Стресс деңгейін төмендету үшін терең тыныс алу техникасын қолдануға болады:

  • Баяу, терең тыныс алу. Бұл тыныштандырады және ағзаның оттегімен жақсы толтырылуына көмектеседі.
  • Медитация мен релаксация. Қысқаша медитациялық жаттығулар ұшақтағы тыныштықты арттырып, жан дүниені тыныштандырады.

Ұшақпен сапар ағзаға бірқатар теріс әсерлер тигізуі мүмкін, бірақ бұл әсерлерді азайту үшін дұрыс дайындық пен алдын алу шараларын қабылдау маңызды. Ауа қысымының өзгеруі, гиподинамия, биоритмдердегі бұзылыстар мен төмен ылғалдылық сияқты факторлар ағзаға әсер етеді, бірақ дұрыс күтім мен дайындық арқылы сіз бұл әсерлерді жеңілдетіп, сапарыңызды барынша жайлы және қауіпсіз ете аласыз.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Картаны интернетсіз де көрсететін қосымшалар

Ұшаққа мінгенде өзіңмен тамақ алып кіруге бола ма?