«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы 1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеретінін хабарлайды. Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары өзгеріссіз қалады.
1 қазаннан бастап кезекші кесте бойынша мына мекенжайлар бойынша орналасқан ХҚКО-лар жұмыс істейтін болады: Абай ауданы, Мәделі Қожа, 1Г және Әл-Фараби ауданындағы Жангелдин көшесі, 13А мекенжайы бойынша қабылдайды. Олар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері 13:00-ке дейін жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, Тұран ауданындағы Мадели Қожа көшесі, 1Г және Қаратау ауданы бойынша Рысқұлов көшесі, 80 мекенжайындағы ХҚКО-лар 1 қазаннан бастап қалыпты жұмыс кестесіне көшеді – қызметтер тек жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін көрсетілетін болады. Тұран аудандық ХҚКО Абай аудандық ХҚКО-мен бір ғимаратта орналасқанын назарларыңызға саламыз.
Естеріңізге сала кетсек, кезекші МХҚКО-лар әдеттегі мекенжай бойынша қызметалушыларды қабылдайтын болады. Олар Достық ш.а, 2343/1 және Асар-2 ш.а, 12Б мекенжайы бойынша жұмыс істейді. Азаматтарды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттар сағат 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күндері – 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.