«17» сандық белгілі нөмір алғашқы иесіне табысталды

0
2 072

Шымкент қаласының тұрғындарына «17» сандық белгілі нөмірлер шығарылатын болады.


«17» сандық белгілі нөмір алғашқы иесіне табысталды

иллюстрациялық фото: motor.kz

ERNUR.KZ. Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО-да 17-ші аймақпен нөмірлік белгісі беріле бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап өтсек, Шымкент республикалық маңызы бар қаланың мәртебесін алуы, ал Түркістан облыс орталығы болуына байланысты автокөлік құралдарын рәсімдеу кезінде өзгерістер орын алып жатыр. Енді Шымкент қаласының тұрғындарына «17» сандық белгілі нөмірлер шығарылатын болады. Ал, Түркістан облысында автокөлік жүргізушілері үшін «13» сандық нөмірі өзгеріссіз қалатын болады.

Осыған орай «17» сандық белгілік нөмірдің алғашқы иелерінің бірі Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Оңалбек болды. Бүгін ол өзінің автокөлігін мамандандырылған ХҚО-да рәсімдеді.

Сонымен қатар, Түркістан облысының тұрғындарының сөзіне қарағанда, Шымкенттің 8 ХҚО-сын есепке алғанда, мемлекеттік корпорацияның 25 фронт-офисі қызмет көрсетеді. Солардың бірі – автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру мемелкеттік қызмет түрлерін көрсететін мамандырылған ХҚО. Сондай-ақ, мамандандырылған ХҚО ғимаратында қажеттілігіне қарай, жүргізуші куәлігін алу үшін нарколог, психиатр анықтамаларын алып, медициналық тексеруден өте алады. Одан бөлек, автожүргізушілер көліктерін Түркістан және Сайрам аудандарындағы мамандандырылған ХҚО секторы арқылы тіркеуге болады.

Айта кетейік, Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО арқылы жыл басынан бері 25 мыңнан астам жүргізуші куәлігі беріліп, 130 мыңнан астам автокөлік тіркелген.

Дереккөз: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.