39 жастағы тұрғын ұсталды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласының тұрғыны алтын аламын деп 5 500 000 теңге ақшасынан айрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
5 сәуірде Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 арнасына жергілікті жердің 43 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, 2020 жылдың тамыз айында, өзіне аты-жөні толық белгісіз азаматша, бірге алтын сату, сатып алумен айналысып, бизнес жасаймыз деп сеніміне кіріп, алтын алу үшін 5 500 000 теңге ақшасын алып, алтын алып келіп бермей және ақшасын да қайтарып бермей жүргенін көрсеткен.
Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 39 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Тексеру жұмыстары жүргізілуде екенін хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.