Егілген адамдардан кері әсер байқалмаған.
Шымкент қаласында 7 351 адамға коронавирусқа қарсы екпе салынды, деп хабарлайды
ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.
Ресейлік «Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентітен барлығы 7351 адамға, екінші компоненттен 1876 адамға егілді. Егілген адамдардан кері әсер байқалмаған.
Бүгінгі күні қалада мамандандырылған инфекциялық 1060 төсек - орын бар (жұқпалы - 560 төсек орын, карантиндік -500 төсек орын). Аталған төсек орындарда 290 науқас ем алуда. Төсек орын толымдылығы 27% құрайды, 770 төсек орны бос.
Қазіргі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсетететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда тәулігіне барлығы 6 270 тест жасау қуаттылығы бар. Жыл басынын бері 117 392 ПТР тест өткізілді. Өткен тәуілікте 2017 ПТР тест жасалған.
Тағы да 1-2 сәуір аралығында «Спутник V» вакцинасының 7300 дозасы (І және ІІ компанент) және «QazCOVID» вакцинасының 2400 дозасы қалаға жеткізу жоспарлануда.
«Ұжымдық иммунитетті құру ғана КВИ пандемиясын тоқтата алады, ең дұрыс тактика - мүмкіндігінше көп адамды вакцинациялау. Қала тұрғындарына вакцинация қиын жағдайдан шығудың жолы екенін түсіндіргіміз келеді. Қауіпті инфекцияны жеңу үшін барынша жұмыс істеудеміз», - дейді Бақытжан Позилов.
Қалада КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жұмылдырылған 38 егу пункті, 320 термоконтейнер дайындалды.
Тұрғындар арасында ковидке қарсы вакцинациялау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары, тиісті іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде.