​«ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ»: Шымкентте кітап талқылауы өтті

0
98


​«ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ»: Шымкентте кітап талқылауы өтті

Шымкент қаласындағы Орталық Азия Инновациялық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын талқылауға арналған іс-шара өтті.

Кездесуге Орталық Азия Инновациялық университетінің ректоры Ерлан Зүлмәтұлы Оңласынов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман, Phd философия докторы, қауымдастырылған проффессор м.а. Айгерім Тойлыбаевна Озенбаева және жас ғалым, абайтанушы, докторант, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ баспасөз хатшысы Әзімхан Үсенұлы Исабек қатысты.
Іс-шара барысында жастардың ел дамуы, қоғамдағы жауапкершілік, әділеттілік пен адамгершілік қағидаттары туралы пікірлері тыңдалып, мазмұнды пікір алмасу өтті.
Бөлісу