​«Әлеуметтік такси»: Шымкентте 16 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіліп жатыр

0
836

Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.


​«Әлеуметтік такси»: Шымкентте 16 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіліп жатыр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» автокөлікке 886 азаматтан өтініш қабылданып, 15 428 өтінімге қызмет көрсетілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 18 көлікке 437 азаматтардан өтініш қабылданып, 18 387 өтінімге қызмет көрсетілді.
Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 901 мүмкіндігі шектеулі тіркелген, оның ішінде:
- бірінші топтағы мүгедектер – 3 534 (2021 ж. – 3372);
- екінші топтағы мүгедектер – 14 863 (2021 ж. – 14 556);
- үшінші топтағы мүгедектер – 12 459 (2021 ж. – 12 191);
- 18 жасқа дейінгі 7 045 мүгедек балалар (2021 ж. – 6418) тіркелген.
Протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4 921 құралға өтініш қабылданып, 1 818 құрал қамтылды (36,9%) (2021 жылы – 6307 өтініш қабылданып, 4382 адам қамтылды (69,5%).
Сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 10 566 құралға өтініш қабылданып, 9 215 құралдармен қамтылды. Мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 876 өтініш қабылданып, 339 құрал қамтылды (38,7%) (2021 жылы – 1276 өтініш қабылданып, 1163 адам қамтылды (91,1%).
Жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 449 азамат мұқтаж болса, 2 228 азаматқа қызмет көрсетілді.
8 438 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 1 368 азамат қамтылды. Ал, өткен жылы 5602 азаматтан өтініш қабылданып, 4778 адамға жолдама берілді.
Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2022 жылы 100 жолдама берілді. Медициналық әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2022 жылы 29 жолдама берілді.
Айта кетейік, әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға басқарма ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.