Автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ауруханаға жеткізілген 18 жолаушының бірі реанимацияда жан тапсырған.
Шымкент қаласына тау жердегі ірі жол апатының себебі анықталды деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жол апаты бүгін, сағат 18.00 шамасында Алматы-Ташкент-Термез тас жолында болған. Van Hool автобусының дөңгелегі атылып, жолды екіге бөліп тұрған метал шарбаққа соғысқан. Содан кейін қарсы беттегі өз жолымен кетіп бара жатқан MAN жүк көлігінің тіркемесіне соғысқан.
Нәтижесінде автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ауруханаға жеткізілген 18 жолаушының бірі реанимацияда жан тапсырған.
Аталған автобус бұдан бұрын Жетісайдан Астанаға жолаушылар тасыған.