Қала әкімі Мұрат Әйтенов дүбірлі додада қаламыздың абыройын асқақтатқан спортшыларды арнайы құттықтады.
Футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
20-26 сәуір аралығында қалада өткен доп додасында “БИИК-Шымкент” клубының футболшы қыздары ел кубогы жолындағы жарыстарда 14 дүркін жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, «БИИК- Шымкент» командасы 2012 жылдан бері еліміздің атынан УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. УЕФА «Чемпиондар лигасы» ойындарында Германияның «Франкфурт», «Бавария», Испанияның «Барселона», Италияның «Верона», Францияның «ПСЖ» клубтарымен тең дәрежеде өнер көрсетуі - команданың әлемдік футболдағы мәртебесін арттыра түсті.
Айта кетейік, Шымкентте Қажымұқан стадионында Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/4 финалында шымкенттік «Ордабасы» петропавлдық «Қызылжармен» ойнады.