Биыл Шымкентте 28 мың оқушы 1-сыныпқа барады

0
1 182

Жаңа оқу жылында 1-4 сыныпта оқитын оқушылар бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылады.


Биыл Шымкентте 28 мың оқушы 1-сыныпқа барады

Биыл жаңа оқу жылында қаладағы білім ұйымдары қосымша 48 нысанға артып, жалпы саны 946-ға жетті. Отыз балабақша, он бес мектеп пен 1 оқушылар сарайы, сондай-ақ психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес пен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мекемелері биыл ашылып, білім нысандарының қатарын көбейтті.

Осы жылы қала бойынша 28 042 оқушы 1-сыныпқа барады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2020 жылы 24 500 бала, 2022 жылы 26 500 бала 1-сыныпқа барған. Яғни жыл сайын қалада бала саны өсіп келеді. Оның ішінде қазақ тілінде – 21 572, орыс тілінде – 4 125, өзбек тілінде – 2 345 оқушы қабылданып отыр. Ал жалпы, бүгінде 246 қала мектебінде 250 мыңға жуық оқушы білім алады. Жүзге жуық мектеп жекеменшік болса, қалғаны мемлекеттік мектептер санатында.
Сонымен қатар биыл «Мектепке жол» акциясы дәстүрге сай тамызда емес, одан ертерек басталды. Акция барысында жағдайы төмен отбасыдан шыққан оқушының әрқайсысына оқуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 41 мың теңгеден таратылды.
Шымкентте мұндай оқушылардың саны – 53 893 бала. Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясына 2 млрд теңгенің үстінде қаржы бөлінді.
Жаңа оқу жылында 1-4 сыныпта оқитын оқушылар бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылады.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі