"Қызыл" аймақта 9 өңір бар.
Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
3 мамырдағы мәлімет бойынша: "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Алматы облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстары тұр.
"Жасыл" аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.
Еске салсақ, Шымкент қаласы 28 сәуірде "қызыл" аймаққа кіріп, кейін "сарыға" ауысқан еді.