COVID-19: Шымкентте 46 жағдай тіркелді

0
320

22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 24 науқас үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте 46 жағдай тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 46 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауырған 22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 24 науқас үй бақылауына алынды. Сонымен қатар, 27 қазан күнң 54 адам індеттен айықты.

Шымкентте инфекциялық стационарларда коронавирусты емдеуге 913 орын әзірленген. Бүгінде төсек-орын толымдығы 30%-ды құрап, 634 бос орын бар. Стационарда 279 науқас емделуде. Ал жансақтау бөлімінде – 192 төсек орын қаралған, онда 52 науқас ем қабылдауда.