COVID-19: Шымкентте инфекциялық стационардағы соңғы науқас үйіне шығарылды

0
683

Коронавирус індетін жеңіп шыққан 70 жастағы қарияны инфекциялық стационардағы дәрігерлер қошеметпен үйіне шығарып салды.


COVID-19: Шымкентте инфекциялық стационардағы соңғы науқас үйіне шығарылды

Шымкент дәрігерлері инфекциялық стационардағы соңғы науқасты үйіне шығарып салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Коронавирус індетін жеңіп шыққан 70 жастағы қарияны инфекциялық стационардағы дәрігерлер қошеметпен үйіне шығарып салды. Бисенбек Усербаев орталықта ем алып шыққан соңғы науқас.
Егде жастағы қарт кісінің қауіпті инфекцияны жеңіп шығуы дәрігерлер үшін жетістік, қауіпті инфекцияны жеңуде жемісті жеңіс.

Айта кетейік, қаладағы эпидахуал ушыққанда «Ақжайық» шағынауданында модульді жұқпалы аурулар госпиталі ашылған болатын. Емдеу мекемесінде дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдап, күшейтілген режимде жұмыс істеді.
200 орынға лайықталған стационар 2020 жылдың 10-маусым күні ашылып, 2022 жылдың 28-ақпан күні соңғы науқасты үйіне шығарды. Мұнда соңғы екі жылдың ішінде он мыңға жуық науқас ем алып шыққан.