COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте 41 адам сауығып шықты

0
539

10 қараша күні КВИ жұқтырған 29 жағдай тіркелді.


COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте 41 адам сауығып шықты

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте 41 адам індеттен сауығып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте 10 қараша күні КВИ жұқтырған 29 жағдай тіркелді. Оның ішінде 26 адамда ауру белгілері байқалған. Бүгінде 14 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 15 адам үй бақылауына алынды.
Қаладағы инфекциялық стационарларда барлығы 763 орын әзірленіп, қазірде төсек-орын толымдығы 30%-ды құрап отыр.