15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 31 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 46 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде белгілері бар - 28, белгілері жоқ – 18. 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 31 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 376 орын бар, төсек орын толымдығы 37%-ды құрайды, 879 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 505 науқас емделуде (КВИ-207, пневмония-283, ЖРВИ-15), жансақтау бөлімінде - 31 (11 - ИВЛ, 20 - НИВЛ).
Бір тәулік ішінде қалада 2647 адам вакцина алды. (I компонент-341, II компонент-2306). Егу науқаны басталғалы барлығы 175 270 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 85 233 адам вакцинаның екі компонентін алды.