«Дала жиыны»: Шымкентте әскери-патриоттық іс-шара өтті

0
967

Аталған іс-шараның мақсаты - жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыру.


«Дала жиыны»: Шымкентте әскери-патриоттық іс-шара өтті

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №138 Жалпы орта мектебінде «Дала жиыны» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты - жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында мектеп оқушыларымен серпіліс, саптық дайындық, турник, 100 метр қашықтыққа жүгіруден жарыс, және тағыда басқа да спорт түрлерінен жарастар өткізілді.

Айта кетейік, Шымкентте Қазақстанның Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарына әскерге шақыру науқаны жалғасуда.

Бүгінде қаланың 150-ден астам шақырылушылары әскер қатарын толықтырды, олар еліміздің шекарасында қызмет етуге аттанды. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинақ пунктінен Талдықорғанның десанттық-шабуылдау бригадасына алғашқы жөнелтілім жіберілді.

Әскери киім киген шақырылушылар жинақ пунктінің фойесіне жиналды. Қалыптасқан дәстүр бойынша балаларды қаланың ардагерлер ұйымдарының өкілдері қарсы алып, табысты қызмет тіледі. Ардагерлер еліміздің заманауи армиясында мерзімді әскери қызметті өтеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтіп, бір жылға жағасатын мерзімді қызметтері аяқталғаннан кейін, барлық сарбаздар жоғарғы оқу орындарына тегін түсуге және кәсіби әскери болуға мүмкіндік алатынан да ескеру керек деп тапты.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары бүкіл ел бойынша құрлық, десанттық-шабуылдау және зымыран-артиллериялық әскерлерде мерзімді қызмет өткереді, ал инженерлік мамандықтары бар әскерге шақырылушылар көбінесе бейіні бойынша қызметті таңдайды. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.