Дүниежүзлік тазалық күні: Шымкенттегі Ынтымақ шағын ауданында тазалық іс-шарасы өтті

0
191

Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлестерін қосуда.


Дүниежүзлік тазалық күні: Шымкенттегі  Ынтымақ шағын ауданында тазалық іс-шарасы өтті

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы бүгін Дүниежүзлік тазалық күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралармен жалғасын тапты.

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында орналасқан әуежайдың жаңа терминалының маңында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған Шымкент қалалық «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар белсенді түрде қатысты.
Іс-шараға қатысушылар шағын ауданындағы тұрғын үйлердің аулаларын ретке келтіріліп, күл-қоқыс пен қалдықтардан мұнтаздай етіп тазалап шықты.
Іс-шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшенов күнделікті өмірде тазалықты сақтау азаматтардың туған жерге, өз қаласына деген жанашырлығының көрсеткіші екенін айтты. Ол қала тұрғындарын, әсіресе, жастарды эконлогиялық мәдениетті сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Еске салсақ, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жыл соңына дейін жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлестерін қосуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.

Бөлісу