Спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен Шымкент қаласындағы орталық стадионды күрделі жөндеуге бөлінген қаржыға 2 жаңа стадион салуға болатынын айтады.
Спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен Шымкент қаласындағы орталық стадионды күрделі жөндеуге бөлінген қаржыға 2 жаңа стадион салуға болатынын айтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Спорт журналисі Ермұхаммед Мәулен бұл жөнінде "31 каналға" берген сұхбатында айтып өтті.
"Қайта жөндеуге бөліп отырған ақшасына Шымкент қаласында 2 су жаңа стадион салуға болады. Бұл енді ешқандай ақылға симайтын, логиканың аясынан тыс нәрсе" - дейді ол.