​Қараша айы – мұғалімдер үшін сынақ мерзімі

0
1 113

Бұл жолы бала бақша тәлімгерлері мен колледж ұстаздары да тест тапсыратын болады.


​Қараша айы – мұғалімдер үшін сынақ мерзімі

Педагогтарды аттестациядан әр 5 жыл сайын өтуі керек. Одан бөлек айлығын 2 есеге арттырғысы келетін ұстаздарда ол уақытты күтпей-ақ алдағыаттестациядан өтсе болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тестілеу карантиндік талаптарды сақтай отырып арнайы тестілеу орталықтарында қараша айында өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

- Биылғы жылы жалпы 4500 ұстаз аттестациядан өтуі керек болған. Осы уақытқа дейін тесттілеуден өткен 3500 мұғалімнің 1280-і оң нәтиже көрсеткен.Сынақтан сүрінген педагогтар ақылы негізде қайта тест тапсырады, - деді Жанат Арысбекқызы.

Биыл қараша айында оқытушылар аттестациядан қайта өтеді. Бұл жолы тек мектеп мұғалімдері ғана емес бала бақша тәлімгерлері мен колледж ұстаздары да тест тапсыратын болады.

Қаламызда ұстаздар күнде «Ең үздік» 14 ұстаз анықталып, әр қайсына 400 000 теңге көлмінде сыйақы берілген болатын. Мұғалімдердің мерейін арттыру мақсатында келер жылы мұғалімдерге «Шымкент қаласына қосқан үлесі үшін» деген медаль тағылып 1000 АЕК негізінде сыйақы беріледі деп жоспарлануда деді жауапты мамандар.