"Қасақана от қою": Шымкентте балалар аттракционы өртенді

0
424

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


Шымкент қаласындағы "Қиял әлемі" паркінде аттркацион өртенді.

2024 жылғы 07 маусым күні сағат 02:26-да Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» кезекшілік пультіне Әл-Фараби ауданы, Республика даңғылы, №6А/1 мекен-жайы бойынша «Қиял әлемі» ауласында «балалар сырғанағы» жануда деген хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына барған өрт сөндіру бөлімшелері «Қиял әлемі» ауласында «Ниагара» балалар сырғанағы жанып жатқандығын анықтады. Өрттің көлемі 240 ш.м. құрады. Өрт сағат 02:55-те оқшауланып, сағат 03:05-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі қасақана от қою болып табылады. Істің мән-жайын Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы анықтауда.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамынан 31 адам және 5 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылғанын хабарлады Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі.