16 кеден қызметкерлерін он үшіне "пара" бойынша, қалған үшеуіне пара алуға жәрдемдескені үшін айып тағылған.
Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен экс-кеденшіге медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сараптама қорытындысы бойынша сотталушының ақыл есінде ауытқуы бар екендігі дәлелденген. Сотталушы оңтүстік өңірі аумағында орналасқан кеден бекетінде басшының орынбасары қызметін атқарған.
Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында
бұрынғы 16 кеден қызметкерлеріне қатысты істі қарау басталды. Оның он үшіне ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-ші бөлігімен, яғни "пара" бойынша, қалған үшеуіне пара алуға жәрдемдескені үшін айып тағылған.
Еске сала кетсек, өткен жылдың ақпан айында Қазақстанның үш облысында 35 адам құрықталған болатын. Қылмыстық әрекеті үшін күдіктелгендердің арасында кеден қызметкерлері мен шекарашылар және брокерлер болған. Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша 16 адам ұсталған. Барлығы да қазақ-өзбек шекарасындағы "Сарыағаш", "Атамекен", "Қазығұрт", "Қапланбек" кеден бекеттерінде қызмет еткен.
16 сотталушының тең жартысы уақытша қамау изоляторында болса, қалған сегізі үйқамақта отыр. Алдын ала тергеп тексеру барысында ұсталғандардың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны дәлелденген.