​«КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ»: ШЫМКЕНТТЕ 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

0
85


​«КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ»: ШЫМКЕНТТЕ 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ERNUR.KZ. Бүгін Білім күніне орай «Келешек мектебі» жобасы аясында пайданалауға берілген заманауи білім ғимараты Таскен шағын ауданында орналасқан. Мектептің салтанатты ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.


Айта кетейік, жаңа нысан заманауи оқу кабинеттерімен, интерактивті тақталармен, STEM-зертханалармен, IT-кабинеттермен, спорт залдарымен, асханамен және медициналық пунктпен жабдықталған. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы сыныптар қарастырылған.

Қала әкімі оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады. Сондай-ақ, заманауи тала озық үлгідегі мектептер оқушылар үшін сапалы және қауіпсіз білім беру үдерісін қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында 397 мыңнан астам оқушы қаланың 1352 білім беру мекемесінде сабақ бастайды. Оның ішінде 28 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. «Келешек мектебі» жобасы аясында осыған дейін қаламызда 11 мектеп ашылған болатын.