​ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «МУЗЕЙ ТҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
101

«Музей түні» — рухани мұраны дәріптеп, өткен мен бүгіннің арасындағы байланысты нығайтатын маңызды мәдени алаң.


​ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «МУЗЕЙ ТҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» мәдени іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.

Кеш барысында тұрғындар мен қала қонақтарына музей қорындағы тарихи жәдігерлер мен құнды экспонаттар кеңінен таныстырылды.

Іс-шара аясында көрмелер, мерекелік концерттік бағдарламалар, ұлттық өнерді насихаттайтын мәдени кештер, шығармашылық кездесулер мен танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Келушілер үшін арнайы дайындалған мәдени бағдарлама көпшілікке ерекше әсер сыйлап, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылықты арттырды.
Сонымен қатар, Халықаралық музейлер күніне орай өткен «Музей түні» мәдени іс-шарасы аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Кеш барысында өнерпаздар ұлттық және заманауи музыкалық шығармаларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ мәдени кеште ән мен күйден шашу шашылып, шығармашылық ұжымдардың жарқын өнері көпшілік ықыласына бөленді.

Тағылымы мол рухани шара музей кеңістігін мәдениет пен өнердің тоғысқан ортасына айналдырып, келушілерге ерекше әсер сыйлады. Мұндай игі бастамалар ұлттық мәдениетті насихаттап, халықтың рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

«Музей түні» — рухани мұраны дәріптеп, өткен мен бүгіннің арасындағы байланысты нығайтатын маңызды мәдени алаң. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың тарихи сана-сезімін қалыптастырып, мәдениетке деген құрметін арттыра түседі.
Бөлісу