​КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ЕЛДІ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

0
21

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Самат Мергенов қалада жылу толық көлемде беріліп жатқанын мәлімдеді. Ол жылу беру кезінде абоненттердің ішкі жылу жүйелерінде кездескен ақаулардың қалпына келтірілгенін атап өтті.


​КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ЕЛДІ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жиынға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, сондай-ақ «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшы құрамы мен комиссия мүшелері қатысты.

Жиында барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Олардың қатарында жылу беру кезеңіндегі ақаулар мен кемшіліктер, қаланы көгілдір отынмен, көмір және басқа да инертті материалдармен қамтамасыз ету, көлік құралдарын көгілдір отынмен қамту, сібір жарасы жерленген аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, қаңғыбас иттерді аулау, олармен күресу шаралары жөніндегі мәселелер бар.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Самат Мергенов қалада жылу толық көлемде беріліп жатқанын мәлімдеді. Ол жылу беру кезінде абоненттердің ішкі жылу жүйелерінде кездескен ақаулардың қалпына келтірілгенін атап өтті. Сонымен қатар, сұйық отын мен көмірдің жеткілікті көлемде дайындалғаны және қаладағы жылу жүйелерінің толық қамтамасыз етілгені айтылды.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков сібір жарасы ауруына қарсы жүргізілген вакцинация жұмыстары туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, ағымдағы жылы 200 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жануары сібір жарасына қарсы вакциналанды. Бұл шара сібір жарасының таралуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылады.
Шымкент қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары да аталған отырыста қаралды. Жыл басынан бері 27 мыңға жуық қаңғыбас ит-мысықтар ауланып, агрессивті және емделмейтін аурулармен ауыратын 23 мыңнан астам ит-мысық жансыздандырылды. Сонымен қатар, зооветеринарлар мен жануарлардың иелеріне 3 мыңға жуық ит-мысық қайтарылды. Қазіргі таңда питомникте 1 200 бас ит-мысық күтіп ұсталуда.
Жиын барысында комиссия мүшелері қаладағы көліктерге арналған газдың тапшылығы туралы сұрақтар қойды. Сала мамандары бұл мәселенің барын растады және оның тиісті министрлік деңгейінде шешілуі қажеттігін жеткізді. Қаладағы газ тапшылығын шешу үшін қосымша шаралар қабылданатыны да талқыланды.
Бөлісу