Құрылыс сапасы Шымкент қаласы әкімінің назарында

0
1 319

«Тұран» шағынауданында алдағы үш жылда мемлекеттік бюджет есебінен 1296 мың шаршы метр құрайтын 384 тұрғын үй (18869 пәтер) салу жоспарланған.


Құрылыс сапасы Шымкент қаласы әкімінің назарында

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» шағынауданындағы құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Тұран» шағынауданында алдағы үш жылда мемлекеттік бюджет есебінен 1296 мың шаршы метр құрайтын 384 тұрғын үй (18869 пәтер) салу жоспарланған. Оның ішінде, ағымдағы жылы 88 тұрғын үйдің (5576 пәтер) құрылысы жүргізіледі.

Бүгінгі таңда 42 үйдің мердігерлері анықталып, оның 20-да құрылыс жұмыстары басталды. 26 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Тағы 20 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.

Одан бөлек, шаһар басшысы «Асар-2» ықшамауданында салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылысына барды. Жоба бойынша аталмыш мектептің құрылысы осы жылдың соңына дейін бітуі тиіс. Алайда, қала әкімі М. Әйтенов мердігер компанияға нысанды одан ертерек аяқтауды, сондай-ақ, тиісті мамандарға инженерлік инфрақұрылым мәселесін шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, шаһар басшысы кез келген құрылыста сапаның жоғары деңгейде болуын назарға алды.