Бұл туралы Шымкент қаласы полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте әжейдің телефонын тартып алған полиция қызметкерлеріне ескерту тәртіптік шарасы қолданылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
24 қазан күні әлеуметтік желілерде тараған Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан “Қырғы базар” маңында полиция қызметкерлерінің қатысуымен орын алған жайт Шымкент қаласы Полиция департаментінің шұғыл өткен тәртіптік комиссиясында қаралды.
Тәртіптік комиссия отырысы ашық түрде БАҚ өкілдерінің, қоғам белсенділері мен блогерлердің, сондай-ақ орын алған жайтқа қатысы бар азаматша Патима Бекенованың қатысуымен өтті.
Тәртіптік комиссия отырысында оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары толығымен талқыланып, нәтижесінде полиция майоры Жулдызбек Мулькубаевке өз қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік шарасы және полиция аға лейтенанты Даут Турмахамбетовке ескерту тәртіптік шарасы қолданылды.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қаласы “Қырғы базар” маңында болған оқиға туралы мәлімдеген болатынбыз.