Шымкентте полиция қызметкерлері сауда жасап отырған әжейдің телефонын алып қойған

0
737

Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.


Шымкентте полиция қызметкерлері сауда жасап отырған әжейдің телефонын алып қойған

Фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері базар маңында сауда жасап отырған әжейдің телефонын алып қойған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға 24 қазанда Шымкенттегі "Қырғы базары" маңында болған. Полиция қызметрлерінің әрекеті әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығына ұшырады.

Видеоға полицейлер мен әжейді жақтаған тұрғындар арасындағы жанжал түсірілген.

Тұрғындар әжейге белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін айыппұл салмақ болған полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразы.

"Бүгін Шымкенттегі "Қырғы базарының" кіреберіс жерінде 3-4 келі жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақшы болыпты. Әжеміз полицейлерден қорқып қалған болуы керек, ұлына хабарласпақшы болғанда телефонын да алып қойған көрінеді", - делінген видео сипаттамасында.

Таралған видеоға қатысты Шымкент полициясы әлеуметтік желіде пікір білдірген.

"Бұл жайт Әл-Фараби ауданы аумағында белгіленбеген орында жасалған сауда деректерінің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жүргізген рейд кезінде болған. Қазіргі уақытта видеода көрсетілген Әл-Фараби АПБ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - деп жауап берген полиция қызметкерлері видеоға.