«Махаббаттың 5 тілі»: Шыңғыс Мұқан отбасы туралы кітап аударылып жатқанын айтты

0
1 187

Бұл кітапта автор отбасы бақытты болуы үшін мынадай 5 тәсілді қолдануды ұсынады


«Махаббаттың 5 тілі»: Шыңғыс Мұқан отбасы туралы кітап аударылып жатқанын айтты

Шымкент қаласында «Әкеге қарап ұл өсер» атты VІ республикалық әкелер форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Форум барысында Шыңғыс Жұмабекұлы Герри Чепменнің «Махаббаттың 5 тілі» атты кітабын ағылшыншадан қазақ тіліне аудартып жатқанын айтты.

Бұл кітапта автор отбасы бақытты болуы үшін мынадай 5 тәсілді қолдануды ұсынады. Олар: жақсы сөз айту, уақытты мазмұнды өткізу, сыйлық беру, бір-біріне адал қызмет ету және физикалық қарым-қатынас. Бүгінгі ер азаматтар осы бес мәселеге мұқият болса, жары мен балаларын бақытты ете алады деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде елімізде отбасы институтының нығаюына ықпал етеді, – деді Ш.Жұмабекұлы.
Сонымен қатар алқалы жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссяның мүшесі Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Омаров, БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Қазақстандағы атқарушы өкілі Райымбек Сейсемәлиев сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі.