СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
982

Сенат Спикері өз сөзінде жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды.


СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ



Сапар барысында Сенат Төрағасы қаланың белсенді жастарымен кездесті. Жиын барысында реформаларды іске асыруда және Шымкенттің дамуында жас буынға жүктелетін міндеттер талқыланды. Сенат Спикері өз сөзінде жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды.
«Президентіміздің бастамасымен Қазақстанда жастардың білім саласындағы әлеуетін іске асыруға және қызметте өсуіне қажетті жағдай жасалып отыр. Жас буынды баспанамен қамту мәселесі де басты назарда. Өздеріңізге белгілі, биылғы наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан идеясымен тығыз байланысты және дұрыс құндылықтар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымын жариялады. Бұл қағидаттар, ең алдымен, жастардың бойынан табылуы керек», – деді Сенат Төрағасы.
Сонымен қатар сенаторлар қаладағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды. Сондай-ақ олар бұған дейін Палатаның тұрақты комитеттеріне Шымкенттегі «AZALA Textile» тоқыма фабрикасының жұмысшыларынан өтініштер келіп түскенін ескеріп, кәсіпорынның қызметімен танысу үшін аталған нысанға арнайы барды. Бұдан басқа, депутаттар әуежайда жаңа терминалдың жай-күйіне назар аударды.